Сот отырысына қатысуға жиналған қалың көпшілікке қарамастан, «орын жоқ» деген сылтаумен отырысқа бірсыпыра адам кіргізілмеді. Бұл оппозиция жетекшілері мен оларды қорғаушы жақтың, сонымен бірге сотқа қатысушы адамдардың наразылығын тудырды.
Сот отырысы қорғаушы жақтың өтінішін қараумен басталды. Қорғаушы тарап судья Райхан Әшкееваға қылмыстық істе оппозиция серкелерінің бірі, марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының атына жасалған әділетсіз қаулы бар екенін айтып, сотта марқұмның ағасы Рысбек Сәрсенбайұлының Алтынбектің заңды мүддесін қорғауына мүмкіндік беру туралы өтініш жасады.
Рысбек Сәрсенбайұлы сотқа өз наразылығын жеткізді.
– ІІМ-нің тергеушісі Машанло қол қойған қаулыда Алтынбек Сәрсенбайұлына қатысты қозғалған қылмыстық іс оның өліміне байланысты тоқтатылған деп жазылған. Біз мұндай әділетсіз шешіммен келіспейміз. Мұнымен олар «қылмыс болған, бірақ, өкініштісі, ол адам тірі емес» дегісі келеді. Бұл адамгершілікке жатпайды. Мен бұған төзе алмаймын. Осы қаулыны оқығаннан кейін біздің зығырданымыз қайнады. Алтынбек адал адам болған. Мұны барлығы да біледі. Мен оның арын тергеушінің былғаныш етігімен таптауларына жол бермеймін, – деді Рысбек Сәрсенбайұлы.
Мұндай өтінішті прокурор А.Кирьяктан басқасынан барлығы бірауыздан қолдады. Тек Александр Кирьяк «біз қазір нақты бір қылмыстық істі қарастырып отырмыз және онда айыпталушы Әбілов, Қожахметов пен Тоқтасынов қана. Біз Алтынбек Сәрсенбайұлын айыптап отырған жоқпыз» деп, өз қарсылығын білдірді. Бірден сол жерден-ақ шешім шығарған судья Райхан Әшкеева Рысбек Сәрсенбайұлына сотта тек куә ретінде ғана қатысуына болады деп, оның өтінішін қанағаттандырмады.
Мұнан соң қорғаушы жақ өздерінің көптеген өтініштерін қабылдамай келген судьяның ауыстырылуын екінші рет талап етті. 20 минутқа созылған үзілістен соң судья әлгі өтініштің қанағаттандырылмағанын мәлімдеді. Қорғаушы жақ осыған дейін де қылмыстық құрам жоқ болғандықтан, бұл істі жабу туралы және де прокурор мен судьяны ауыстыру сияқты, т.б. өтініштер берген-ді.
Сот шешіміне наразылығын айыпталушы үшеудің бірі – «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбілов былай білдіреді:
– Қалай болғанда, соттың шешімі дұрыс емес. Біз онымен келіспейміз. Алтеке заңды бұзған жоқ. Біз қолды бірге қойғанда Байсақовты не үшін қолдайтынымызды білдік. Алтекенің ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы сол қағазды көргенде «мен сотқа қатысам, мен Алтекені жаладан арашалап алам» деді. Бүгін сағат 12-де Реке канцелярияға әкеп, сол құжаттарды тапсырды. Жаңа көргенде сот «біз ешнәрсе алған жоқпыз, ештеме білмейміз» деп отыр. Мұнысы - өтірік. Кирьяктың қолында Машанлоның қаулысы дайын болған.
Оппозиция жетекшілерінің қоғамдық қорғаушысы Петр Своик бұл істе бір емес, толып жатқан заң бұзушылықтар бар деп отыр.
– Алғашында қылмыстық істе Алтынбек Сәрсенбайұлының қайтыс болуына байланысты оны айыпкерлер қатарынан алып тастау туралы қаулы бар болған. Бұл құжат прокуратураның да сараптамасынан өткен. Прокуратура сотқа түсердің алдында барлығының заңға сәйкес өтуін қадағалауы тиіс болатын. Енді ол қазір ғана сотта талқыланып жатыр. Егер қандай да бір адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тоқтатылса, онда мұны сол адамның өзі жоқ болса да, туыстары білулері керек. Ал бұл жайлы Алтынбектің туыстарына айтылмаған. Ал Алтекенің заңдық мүддесін қорғаушы бауыры Рысбек Сәрсенбайұлы сот процесіне қатысуға ниет білдіргенімен судья қабылдамай қойды. Мұның саяси тапсырыс екені көрініп тұр, – деді П.Своик.
Қазақстандық оппозиция жетекшілеріне қатысты қылмыстық іс өткен жылдың қыркүйек айында қозғалған болатын. Оларға аса ауыр қылмысты жасырды деген айып тағылып отыр.
Олар 2005-2007 жылдар аралығында ағайынды Жұмабай мен Есентай Байсақовтарға саяси баспана беру туралы Украина билігіне жазылған өтінішке қол қойғаны үшін заң алдында жауапқа тартылуда. Ішкі істер министрлігі ағайынды Байсақовтарды Павлодарлық кәсіпкер Борис Костановты өлтіруге тапсырыс беруші күдіктілер деп санайды.
Оппозиция қайраткерлеріне қарсы іс бойынша соттың келесі отырысы наурыздың 20-сы күні сағат 10-ға белгіленді.