РИЗАШЫЛЫҚ БЕЛГІСІ
2009 жылы 11 маусымда Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданының әкімшілік орталығы Ақсай қаласында жергілікті билік қала көшелерінің біріне осы аймақтағы Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан шетелдік кәсіпорын – «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» (ҚПО) компаниясының бас директоры, Ұлыбритания елінің азаматы Роджер Фокстың есімін беру туралы шешім қабылдады.
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында сөз сөйлеген Бөрлі ауданының әкімі Болат Шәкімов Роджер Фокс басшылық ететін компания Ақсай қаласының дамуы жолында өлшеусіз еңбек сіңіріп жатқандығын айтып, осы еңбегінің құрметіне оған ризашылық белгісі ретінде Ақсай қаласы көшелерінің бірін Фокс мырзаның есімімен атау керектігін ұсынды.
– Оның үстіне бұл көшедегі жолға асфальт төселмеген, жарық та жүргізілмеген. Ал «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясы жолды жөндеу жұмыстарына 48 млн.теңге бөліп отыр, – деген еді Болат Шәкімов.
Депутаттар аудан әкімі Болат Шәкімовтың бұл ұсынысын бірауыздан құптап, оны жақтап дауыс берді.
ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР
Бұл ұсынысқа алғашқы болып «Азат» партиясының белсенділері қарсы шықты. Олардың бірі Талғат Қатауов жергілікті ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері, қала берді қоғамдық ұйымдар осы шешімге қарсылығын білдіреді деп күткенін айтады. Бірақ, билік қамшысын білегіне ілгендердің бұл ұсынысына қатысты ешкім де жұмған аузын ашпапты.
– Мен біздің шенеуніктердің осындай қитұрқы бастамасына қарсы кереғар қоғамдық пікір қалыптасар деп күткен едім. Бірақ, ешкім де ләм-мим деп тіс жармады. Құдды туған жер мен елдің ертеңгі тағдыры ешкімді қынжылтпайтындай. Ал байлыққа мастанған басшылар ақшаға құнығып, күні ертең қаланың өзін қайдағы бір Роджер немесе Джонның есіміне айырбастап жіберері анық, – дейді Талғат Қатауов.
Талғат Қатауовтың айтуынша, ол қазір Ақсай қаласындағы даулы көшенің атауын өзгерту жөніндегі депутаттар шешіміне қарсы сол көшенің тұрғындарының қолын жинап қойыпты.
– Тұрғындар түгелге дерлік, ол көшені қайта атауға қарсы болды. Мен аудан әкімі Шәкімов мырзаға ашық хат та жазып, тұрғындардың қолын да қоса жолдадым. Бұл хатта қабылданған шешімнің заңсыз екендігін айттым. 2005 жылдың 21 қаңтарында шыққан Үкімет қаулысында, кез-келген ономастикалық бірлікке халық пен қоғамға еңбегі сіңген елеулі азаматтардың есімі беріледі делінген. Бұл адамдар елдің дамуы жолында сүбелі үлес қосуы тиіс, – дейді Талғат Қатауов.
МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР
«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясы Қарашығанақ кен орнында он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп жатыр.
Ресми деректер бойынша, Ақсай қаласын абаттандыру жұмыстарына аталмыш компания жыл сайын 10 млн. АҚШ долларын бөліп келеді.
Ақсайлық кәсіпкер Райгүл Аймурзиева – «Азат» партиясы көтерген қарсылық акциясын қолдағандардың бірі. Оның сөзінше, шикізаттан түсер пайданың сүбелі бөлігі шетел асады.
– «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясының қаланы дамыту үшін бөлетін қаражаты – бұл олардың міндетті төлемдері ғана. Олар біздің бар байлығымызды сүліктей сорып жатыр, бұған ақшаға құныққан шенеуніктеріміз де көмектесуде. Мен «Азат» партиясының бастамасын құптаймын және олардың бұл ісіне қосыламын. Депутаттар бұрынғы Заводская көшесін Роджер Фокстың есімімен атау жөніндегі шешімін қайта өзгертсін. Даладағы Фоксты былай қойғанда, есімі елеусіз боп қалып жатқан өзіміздің қайраткерлеріміз де аз емес, – деді кәсіпкер Айгүл Аймурзиева Азаттық радиосына.
«ШЕКТЕН ШЫҒУҒА ДА БОЛАДЫ»
Ал аудан әкімі оппозияның бастамасына қатысты өз пікірін білдіруге асықпай отыр. Бірақ, Бөрлі аудандық әкімдігі көшені қайта атау шарасы барлық заң талаптарын ескере отырып жасалғанын алға тартады.
– Үкімет қаулысымен бекітілген мемлекеттік ономастика комиссиясының тұжырымдамасында қандай да бір міндетті шарттар мен талаптар қарастырылмаған. Бұл мәселеге қатысты тек ұсыныстар ғана бар, сондықтан, ол ұсыныстардың шегінен шығуға да болады, – дейді өз аты-жөнін атауды жөн көрмеген аудан әкімдігінің қызметкері.

Роджер Фокс, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясының бас директоры (www.sportelement.ru сайтындағы сурет).
Қазақстан Үкіметімен жасалған келісім-шарт негізінде компания аймақтың экологиялық ахуалы нашарланғанына байланысты әлеуметтік өтем төлеуге міндеттеме алған.Ресми деректер бойынша, Ақсай қаласын абаттандыру жұмыстарына аталмыш компания жыл сайын 10 млн. АҚШ долларын бөліп келеді.