Accessibility links

Судандағы жаппай зорлық геноцидпен тең. Аз ұлттардың басындағы азап әзір де жалғасуда


Судан президенті Омар Хассан әл-Башир бүлікшілерге қарсы митингке шыққандар алдында. Хартум. мамыр, 2008 жыл.
Судан президенті Омар Хассан әл-Башир бүлікшілерге қарсы митингке шыққандар алдында. Хартум. мамыр, 2008 жыл.

Вашингтон пост газеті Халықаралық сот Судан президенті Омар Хассан әл-Баширді тұтқындауға санкция беру мәселесін шешуі тиіс деп жазады. Ол Дарфур аймағындағы үш этникалық топқа қарсы жасалған зұлматқа қатысты күдікті деп танылып отыр.


Судан президентін тұтқындаумен Халықаралық қылмыс сотының прокуроры Луис Морено-Окампо айналысады. Ол үш жыл бойы Баширдің әскери және адамзатқа қарсы жасаған қылмыстарының айғақтарын жинап жүріпті. Оның айыбының ең бастысы «этникалық топ өкілдеріне физикалық және психикалық нұқсан келтірген» зұлмат құралы ретінде жасалған зорлық болып отыр. Бұл әрекеттер Халықаралық қылмыс сотында бөлек қылмыс ретінде қаралуы мүмкін.

Айыптау қорытындысында көрсетілгендей, 2,5 миллион судандық Баширдің бұйрығымен лагерлерге күштеп қамалған, негізінен фур, масалит, загава сияқты аз ұлттардан құралған. Тұтқындағыларды қорлау, әйелдері мен қыздарын зорлау әрекеттері әлі де жалғасуда. Әдетте әскерилер («Джанджавид» қозғалысының әскери тобы) әйелдерді лагерь сыртында, олар су алуға, отын жинауға, тамаққа талғажау іздеп шыққанда ұстап алып зорлайды. Бір жергілікті тұрғын 20 еркектің бір әйелді зорлағанының куәсі болғанын айтады. «Мұндай жағдай Дарфурдың барлық жерінде бар, әйелдерді әке-шешелерінің алдында да зорлай береді», — деді бұл адам.

Осындай зорлықтан кейін өмірге келген балаларды «Джанджавид азғындары» деп атайды, бақытсыз ананың баласының болашағы жоқ. Мұндай балаларды өлтіру мен олардан бас тарту әдеттегі жағдай. «Олар біздің еркектерді өлтіреді және біздің қанымызды зорлықтың кесірінен бұзады. Сөйтіп олар бізді жер бетінен өшіріп, тарихтан сызып тастамақшы», — деді құрбандардың бірі.

Мұндай этникалық топтардың еркектері мен ұлдарын алдымен зорлап, кейіннен «піштіріп» тастайды. Бұл зұлмат емей, немене? Еркектердің бала жасау қабілеттерін барынша жоюдың мақсаты аз ұлттарды құрту ниетінен туған. Баширдің бұйрығымен қаруланған қылмыскерлер өз тайпаластарына осындай зорлықтар жасар ма еді?

«1990 жылдары мен Балқан, Сьерра-Леоне, Уганда мен шығыс Конгода мұндай зорлықтардың көбін көрдім. Көп жағдайда оларға жасалған зорлықтың масқаралығы соншалық, олардың денсаулығына ғана емес, этникалық құндылықтарына да нұқсан келтіреді. Мұндай зорлық-зомбылық этникалық топтың елеулі бөлігінің жойылуына соқтырып, зұлматқа ұласатыны даусыз. Зорланған әйелді қауымнан қуып шығады, олар өз тайпаластарына күйеуге шыға алмайды және бала тууға қабілетсіз болады», — американдық дипломат, заң профессоры, Солтүстік Батыс университеті құқық мектебі адам құқын қорғау халықаралық орталығының директоры Дэвид Шеффер.

«Зұлмат» деген сөзі естіген кезде адамдар Холокостағы алты миллион құрбан мен Руандадағы миллионға жуық өлтірілген адамдар туралы ойлайды. Сондай-ақ олар жаппай зорлық жасаудың этникалық топты бүтіндей құртып жіберетіндей жоспармен ақырындап, білдіртпей жасалатынын елестете алмайды», — дейді ол.

Дарфурдағы ерекше жағдай Баширдің үш этникалық топты құртуға бағытталған өмір салтының көрінісі. Қазіргі уақытта лагерлерде 80 000-нан 265 000-ға дейін адам ақырындап өліп жатыр. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, Суданның Дарфур провинциясындағы 2003 жылы басталған үкімет пен жергілікті тұрғындар арасындағы жанжалдан 200 мыңға жуық адам құрбан болған, екі миллионнан астам адам босып кеткен. «Бұл қоғамда бір әйел зорланса, бүкіл тайпа зорланды деп есептелінеді», — деді Дарфурдағы жағдайдың куәгері

Прокурор Луис Морено-Окампо өзіне БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Дарфурдағы жағдайды зерттеуге тапсырма бергеннен бергі үш жылда Омар әл-Баширдің зұлматқа қатыстылығы туралы айғақтарды жинағанын айтады. Жиналған барлық айғақтар Судан президентінің бүлікшіл провинцияның фур, масалит, загава сияқты халықтарын құрту жоспарын жасап, іс жүзіне асырған. Сонымен бірге прокурор Баширді лагерлерге мәжбүрлеп қоныстандырылған — аш, үрейлі адамдарға шабуыл жасады деп айыптайды.

Сондай-ақ профессор Дэвид Шеффер бұл қылмыстардың күрделілігін де көрсетеді. Оның айтуынша, төрешілерге зұлматты анықтау да оңайға түспейді. Мәселенің маңыздысы осындай масқара зорлық жазалана ма және бұл зұлмат заңмен қудалана ма дегенде болып тұр. Төрешілер Баширді зұлмат пен зорлыққа қатысты айыптап тұтқындау үшін «ойға қонымды негіз» табуы керек, — деп санайды профессор.

Бұдан басқа төрешілер Баширді жаппай зорлық стратегиясымен халықты зұлматқа ұшыратқанына негіз табу керек. Оның адамзатқа қарсы қылмыстық іс-әрекеттері аталғандай болмауы мүмкін. Дегенмен, Дарфурде болған жаппай зұлматты қайталанбайды деп сенуге негіз жоқ. Айыптаулар көрсеткендей, Баширге үкім шығаруға болатын жалғыз шешім оның этникалық топтарды бөліп құрту мақсатына негізделеді.

Прокурордың айтуынша, бұл үшін Судан президентінің ешқандай оқ шығындамай, зорлықты үнсіз аштық пен үрей арқылы іске асырғанын айтады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі саяси қысым болғандықтан, Судан басшысын тұтқындауға берілетін ордерді мақұлдай алмай отыр. Бірақ сот ісі жалғаса берсе, төрешілер зорлық-зомбылықты зұлмат ретінде жазалауға қатаң негіздер таба алады. Сонда ғана зорлық-зомбылықтың құрбаны болған мыңдаған әйелдер мен қыздар әділет пен бейбітшіліктің кішкене шарасынан жеңілдікті сезінеді.

XS
SM
MD
LG