Тәжік әншілері Шабнам Сурайё мен Фарзона Хуршедті жұрт «ашық-шашық киінеді әрі сахна мен клиптерінде жеңілтек» деп сөгеді. Енді екеуін ел қажылыққа барғаны үшін жазғырып жатыр.
Қырғызстанның тақтан тайған президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиев өткен жексенбіде Англияда қолға түсті деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары. Президенттің ұлы ол жаққа баспана сұрап барды деген деректер де бар.
Қырғызстандағы саяси өмірге«Ар-Намыс» партиясының жетекшісі Феликс Құловтың да араласқысы келеді. Бұл туралы ол сенбі күні Алматыдағы «АйтПарк» пікірталас клубында мәлімдеді.
Қарашаның 8-күні президент Нұрсұлтан Назарбаев жеке өмірдің құпиясын ашқандарды қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды. Бұл заң бойынша қылмысты деп танылғандарды 5 жылға дейін түрме жазасына кесу көзделген.
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис өзінің қатысуымен болған жол-көлік апатында жаяу жүргіншінің қаза табуына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты Азаттық радиосына растады. Ол өзін кінәлі деп санауға негіз жоқ деп санайды.
Әлем жанкүйерлері Майкл Джексонның ұмытылмас, жұлдызды шақтарын еске алып, тағзым етуде. Өзін "поп музыка патшасы" деп жариялаған Майкл Джексон көптеген қазақстандық ән сүйер, өнер сүйер жұрттың бас иер тұлғасы болып қала береді.
Азаттық радиосына берген сұхбатында «Хьюман Райтс Вотч» құқық қорғау ұйымының атқарушы директоры Кеннет Росс жігерсіз министрлер мен саяси тұтқындардың құқықтары туралы айтып берді.
Қазақстанда азаматтардың билікті ауыстыру құқына қатаң шектеу қойылған деп атап көрсетіледі АҚШ мемлекеттік департаментінің 2008 жылғы әлемдегі адам құқтарының жағдайы туралы баяндамасында.
Вашингтон пост газеті Халықаралық сот Судан президенті Омар Хассан әл-Баширді тұтқындауға санкция беру мәселесін шешуі тиіс деп жазады. Ол Дарфур аймағындағы үш этникалық топқа қарсы жасалған зұлматқа қатысты күдікті деп танылып отыр.