– Осы қылмысқа қатысты жүргізілген жедел-тергеу шаралары негізінде Мәскеудің үш тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Олардан алынған мойындаулар мен айғақтар арқылы осы аталған азаматтардың қазақстандық студентті өлтіргендері анықталды, – деп мәлімдеді жиналғандарға Ержан Ашықбаев.
Оның айтуынша, кісі өлтірудің себебі анықталуда. Бұл қылмыс оның жеке мүлкін тартып алу мақсатында жасалмағаны белгілі. Ерлан Айтымовтың жеке заттары алынбаған. Мәскеу тергеушілері басты себептің бірі – қазақ студенті скинхедтердің құрбаны болған деген жорамал айтуда.
Губкин атындағы мұнай және газ институтының бірінші курс студентін осыдан екі ай бұрын Мәскеуде бауыздап кеткен еді. 14-ші желтоқсанда Мәскеудің оңтүстік- батыс жағындағы Бутлеров пен академик Болдин атындағы көшелердің қиылысқан жеріндегі автобус аялдамасына келген жараланған жас жігіт жүргіншілерден көмек сұрап, жедел жәрдем шақыруларын өтінеді. Бірақ Ерлан Айтымов дәрігерлер келмей тұрып жан тапсырады, кейін белгілі болғандай, ол бауырына тура тиген пышақтан қатты қансырап қайтыс болған.
Қолға түскен күдіктілердің үлкені 23-те, қалған екеуі 18 жаста. Ресейлік тергеушілер бұлардың бұдан бұрын да Мәскеуде болған дәл осындай қылмысқа қатыстары бар болуы мүмкін деп жорамалдап отыр. Тергеу ісі жалғасуда.
Ерлан Айтымов үздік бітіріп шыққан Астанадағы №6 мектеп-гимназияның директоры Лилия Пухова Азаттық радиосына Мәскеуде оқып жатқан көптеген студенттермен, оның ішінде, осы гимназияны бітірген, «Лукойл» компаниясының қамқорлығымен Мәскеудегі мұнай және газ институтында оқитын студенттермен әңгіме құрғандарын айтады.
– Ерлан Айтымов қысқы каникулда курстастарымен Астанаға келгенінде, өздері білім алған оқу ордаларына келіп, амандасып тұратын. Олардың әңгімесінен ешқайсысының қайтадан оралғысы келмейтінін байқайтынбыз. Бәрі де Мәскеуде оқуларын жалғастырмақ ойда болды. Дәл осы жоғары оқу орнында оқу Ерланның арманы болатын. Бізді шефтік қамқорлыққа алған «Лукойл» компаниясы мектепті үздік бітірген оқушылардың жоғары білім алуына көмек жасайтынын хабарлағанымызда, Ерлан қатты қуанып, осы қамқорлықты барынша пайдалануға тырысып еді. Ол сол кезге дейін гуманитарлық бағытта өзін дамытып жүрген. Өзін музыкаға, спортқа баулып жүретін де, математика басқа да дәлдікті талап ететін ғылым салаларына ұмтыла қоймайтын. Ал мына хабарды естіген соң, бар ерік-жігерін жинап, бірден 180 градусқа бұрылып, өзін басқа жағынан көрсетуге бел байлады. Сөйтіп, физика, химия, тағы басқа да пәндерге бар күшін жұмсап, емтиханда тамаша жетістіктерге жетті, - деп еске алады Лилия Пухова.
Мектеп директоры Лилия Пухова оқушы кезінде Ерлан Айтымовтың жоғарғы оқуға грант жеңіп алу үшін көп еңбектенгенін мақтан етеді.
Лилия Пухова Азаттық радиосының тілшісіне берген сұхбатында өзінің ішкі таңданысын да жасырып қалмады. Мектеп бітіру емтиханы кезінде мектеп мақтанышы болған, ең үздік оқушысының шашының бірер талының ағарғанын байқап қалыпты. «Соншама тез өмір сүреді ме» деген ой миына келгенімен, өз ойынан өзі секем алып, оны тез ұмытып кетуге тырысқанын еске түсіреді Лилия Пухова.
Оның айтуынша, Ерланның қазасын естігенде ол өзін кінәлідей сезінген, бірақ Ерланның туыстары, әсіресе, анасы оған алда не болатынын ешкім де білмейді, сенің кінәң жоқ деп басу айтқан.
– Біз балаларды оқуға жібергенде тек үздіктерді ғана таңдап алдық. Бір жыл бұрын оқуға украин мен орыс балаларын жібергенбіз. Ал биыл қазақтың 4 баласы емтиханда озып шықты. Біз, ұстаздар, ұлтына қараған жоқпыз және бізде ұлтқа бөлу жоқ қой, біз оқушыларымыз үшін қуандық: Олар өте қажетті мамандық алады деп. Мұндай көмек, әсіресе, тұрмысы төмен отбасы балалары үшін аса қажет, – дейді №6 мектеп гимназияның директоры Лилия Пухова Азаттық радиосына берген сұхбатында.
Мысалы, Ерлан Айтымов – анасының қолындағы жалғыз ұлы. Олар анасы екеуі өздерінің жеке баспаналары болмағандықтан туыстарының үйін паналап жүрген. Ерланды соңғы сапарға аттандырар кезде де қай туысының үйінен шығару керектігі туралы ұзақ кеңесті. Әйтеуір, соңында Ерланның денесін ағасының үйінен шығарды.
Каникул кезінде келген Ерланның курстастары оның ұстаздарымен қатар, достарының анасына барып, ұлының соңғы күндердегі өмірі
Азаттық радиосының тілшісі бұдан бұрын хабарлағанындай, Ерлан odnoklassniki.ru атты танымал сайтта өзіне арнайы парақ ашқан. Ерлан оны Мәскеуде институтқа түсе салысымен ашыпты. «Әлемдегі барлық халықтардың бірлігі мен достығы» қауымдастығының мүшесі болды.
Ерланның сайттағы арнайы парағына әлі де хабарлар түсіп жатыр.Таныстары оның өмірден ерте кеткеніне налып, оны іздейтіндерін, сағынғандарын жазады. Ал таныс еместер скинхед деген сұмырайларды жек көретіндерін ашына жазуда.
Мәскеуде оқып жатқан қазақстандық студенттер бір-бірімен ақылдасып, қалайда биік бәтіңке киген, шаштарын қырып алып тастаған, жас жігіттерден құралған «скинхедтер» деп аталатын топтан аулақ жүрудің қамын жасауда.

туралы айтып берді. Олардың айтуынша, бәленің болатынынан ешкім де хабарсыз болған. Ерлан күндегі әдетінше, көп еңбектеніп, көп сурет салып, спорт залына барып, тіпті түрлі экскурсияларға да барып үлгерген еді. Курстағы көптеген жігіттермен, қыздармен дос болатын. Төрт кластас бір жатақханада тұрды. Төртеуі де қазақтар, бәрі бір курста оқыды. Жатақхана әкімшілігі қамқорлық ретінде оларды әдейі осылай бәрін бірге орналастырды.