Батыс бақылаушылары жаңа доктринаның екі аспектісіне, яғни НАТО-ның әскери қауіп деп аталуына және ядролық тежеу мәселесіне назар аударып отыр. Алайда бұл құжатта «ешқандай жаңалық байқалмады» дейді бақылаушылар.
Доктринадағы ең қызықты деген аспектілердің ішінде оның мәтіні мен елдің әскери реформалары арасындағы қарама-қайшылықтар және болашақтағы қару-жарақ саудасы мен Ресей қорғаныс саласының қазіргі жағдайы арасындағы шиеленістер бар.
НАТО-ның Ресейге төніп тұрған «әскери қатер бұлағы» деп аталуы жаңалық емес. 2000 жылы қабылданған әскери доктринада НАТО-ның нақты аты аталмайды бірақ Ресеймен шекаралас аймақтардағы әскери альянстардың кеңеюі қауіп-қатер деп сипатталады. Бірақ НАТО деген сөз қолданылмаса да, бұл құжатта қандай альянстың сөз болып отырғандығын анықтау қиын емес.
Жаңа доктрина «әскери қауіп» пен «әскери қатерді» екіге айырып отыр. Алғашқысын нақты бір жағдайда екіншісіне алып келетін халықаралық ахуал деп түсіндіреді. Ал «әскери қатер» соғыс мүмкіндігін туғызатын халықаралық жағдай делінеді. «Әскери қатерге» жетелеуі мүмкін делінген «әскери қауіптер» тізіміндегі ең негізгісі НАТО-ның кеңеюі деп сипатталған. Сөйтіп жаңа құжатта НАТО-ның кеңею деңгейі қатерден қауіпке түсірілген.
Жаңа доктринада сөз болған ядролық қару мәселесіне тоқталсақ. Өткен қазан айында Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтің мәлімдемесіне қатысты аталмыш мәселеге байланысты алаңдаушылық туып отыр. Патрушев жаңа доктрина Ресейдің ұлттық қауіпсіздігі үшін шешуші жағдайларда, тіпті кішігірім ауқымдағы жергілікті соғыстарды профилактикалық ядролық шабуылдар мүмкіндігін алып тастамайды деп атап көрсеткен болатын (2008 жылғы Грузиямен қақтығыс кішігірім ауқымдағы соғыс еді).
2000 жылғы әскери доктринада ядролық қарудың алғашқы рет пайдаланылуы Ресейдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайларда тек кең ауқымды, яғни ғаламдық соғыстарда ғана болады делінген. Алайда 2010 жылғы құжат жарияланған соң, ядролық қарудың пайдаланылуы соғыстың ауқымына қатысты айтылмағандығы белгілі болды. Мұндай жайт кез-келген ядролық мемлекет үшін «стандарт» деп есептеледі дейді ядролық қаруды таратпау бойынша сарапшы Николай Соков.
Әскери мәселелер бойынша ресейлік сарапшы Александр Гольцтың атап көрсетуінше, доктрина мен әскери күштердің дамуы арасында қарама-қайшылық бар. Қорғаныс министрі Анатолий Сердюковтың 2008 жылдың қазан айынан бері жүзеге асырып келе жатқан әскери реформалары әскери бөлімдерді резервистердің қатысуынсыз соғыстарға толық дайын болуын көздейді.
Бір миллион жаңа әскери күштер НАТО-мен күрестің орнына Ресей шекарасындағы қақтығыстарға шұғыл түрде жауап қайтаруға бағытталады. Алайда жаңа доктрина әскери бөлімдердің әртүрлі дайындық жағдайына тоқталады дейді Гольц.
Сонымен қатар бұл құжат Ресейдің дәстүрлі немесе ядролық деңгейде агрессияшылдығының өсіп жатқанын аңғартпайды. Жаңа доктринада жүргізіліп жатқан негізгі әскери реформалар елдің қарулы күштер басшылығы мақұлдаған жаңа өзгерістер делінген. Егер Сердюков Путиннің қолдауынан айырылса, бұл реформалар аяғына дейін жеткізілмеуі мүмкін.
Доктрина шиеленіскен мәселелерді көтермеген. Бұл құжатта Ресей өз әскерилерін жаңа қару-жарақпен қалай қамтамасыз ететіндігі туралы және Ресейге үлкен әскери қауіп төндіруі мүмкін Қытаймен қалай айналысатындығы жөнінде айтылмаған.
Сарапшылар осыған байланысты Мәскеу бұл негізгі сауалдарға қалай жауап беретіндігін білмейді деген болжам жасауы мүмкін.
(Михаил Цыпкин Калифорниядағы Монтерей қаласында орналасқан Әскери аспирантуралық университетінде ұлттық қауіпсіздік мәселелер бойынша профессор болып жұмыс істейді. Бұл мақаладағы аутордың жеке ой-тұжырымы Азаттық радиосының ұстанымына сәйкес келмеуі мүмкін.)