«СЕЗІМ ПАТШАЛЫҒЫ» ТЕАТРЫ
Бәрі сонау 1997 жылы Гүлнәрдің өзі сабақ беретін колледжде Сән театрын ашуынан басталған еді. Модельердің ұлттық киімге деген өзгеше көзқарасы мен асқан талантын танығандар оны кейінірек Шәкәрім атындағы университетке жұмысқа шақырды. Сол уақыттан бері Сән театры «Сезім патшалығы» деп аталады, асқан танымалдықпен жұмыс істеп жатқан бұл ұйымның ерекше бұйымдары мен театрландырылған шоуларына таң қалмау мүмкін емес.
Кейінірек талантымен шетелдіктерге танылған модельер өз коллекцияларын Еуропаға да апарды. Ол жақта Гүлнәрға жұмыс істеуге ұсыныс жасалған еді, бірақ ол туған қаласының даңқын шығарып, өз елінде қалуды жөн көрді.
2007 жылы Сән театрына 10 жыл толды, осыған орай ұйымдастырылған шығармашылық концерттен кейін театрға «халықтық» деген атау берілді.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТАҢҒЫШТЫ СӘНДІККЕ АЙНАЛДЫРУ ҚИЯЛДЫҢ ЖЕМІСІ
Арманыңды адастырмай, жұмысыңнан ләззат ала білу керек деп есептейтін Гүлнәр Жүнісова Азаттық радиосына жетістіктері жайында баяндап берді.
— Университетте сабақ беріп жүргенде, ол жұмыс маған ләззат сыйламайтын, мен көйлек тігу немесе қандай да бір аксессуар жасау дегендей шығармашылық жұмысқа ұмтылып тұратынмын. Адамдар көшеде ыңғайсыз болып көрінеді деп, таңғыш тағудан қашқақтайды немесе ұялады. Қазір қала бойынша инфекция жүріп жатыр, мен өз модельдерімді аурудан сақтандыру үшін келесі көрсетілімге таңғыш сатып алуларын сұрадым, бірақ қыздар оны таба алмады, сондықтан өзіміз тігуге бел байладық, — деп еске алады Гүлнәр таңғыш тігудегі алғашқы қадамын.
Гүлнәрдің айтуынша, қияылының шегі жоқ жас модельерлер әртүрлі інжу-маржан тағып, қарапайым таңғышты өнер туындысына айналдырып жіберген.
КИІМГЕ САЙ ТАҢҒЫШТАР
Гүлнәр бір әйелдің студияға кіріп, «сәнді» таңғыштарды көріп сатып алғанын, одан кейін студияда жұмыс істейтін жігіттердің де таңғышқа қызығушылық танытқанын айтады.
Қазір Сән театры осындай таңғыштардың жігіттерге арналған жиынтығын да шығаруды жоспарлауда.
— Сондай-ақ мұғалімдер мен балаларға да арнап шығармақпыз, соңғысын көбелек пен қоянның суретін салып жасамақпыз. Мектеп деген баланың ауру жұқтыратын бірден бір орны ғой. Ерекше таңғыштар тек аурудан қорғағыш қана емес, күнделікті киімге таптырмайтын аксессуар, оны киімнің түсіне қарай да таңдауға болады, оның үстіне ол әйел бейнесіне нәзік сыр беріп тұрады, — дейді Гүлнәр.
Ал мұндай таңғыштардың бағасы қымбат та емес, небәрі 150-200 теңге көлемінде.

Гүлнар Жүнісова (оң жақта) өзі жасаған таңғышты модель қыздың бетіне байлап жатыр. Семей, тамыз, 2009 жыл.