Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) «КИІК Фирмасы» ЖШС-нің құрылтайшысы, Сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті Серік Тұржановты жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауда ұстап отыр. Алайда оның әріптестері - қазақстандық бірқатар кәсіпкерлер ондай айыптауға сенбейтіндерін айтып, маусымның 9-ы күні Алматыда баспасөз өкілдерін жинап мәлімдеме жасады.
Кәсіпкерлерді және меншік иелерін қорғау одағының президенті Василий Резван Серік Тұржановтың ісіне тергеу амалдарын жүргізіп жатқан қаржы полициясының іс-қимылы заң шеңберіне үйлеспейді деген пікірін білдірді:
– Маусымның 2-сінде Серік Тұржанов Астана қаласының қаржы полициясының тергеушісімен сұхбатқа барған. Қайталап айтамын, ол тек сұхбатқа барған. Әңгімелескеннен кейін қаржы полициясы оны қамауға алған. Ал, маусымның 3-інде Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы бұқаралық ақпарат құралдарына арнап өткізген брифингінде Серік Тұржановтың қызметін «экс-президент», «экс-кеңесші» деп таныстырды. Осыған қатысты мен бұл ақпараттың асығыс, әрі құқыққа сай емес таралғандығын мәлімдеймін.
Василий Резван Қаржы полициясының бұл әрекетін сотқа ықпал ету деп бағалады. Сонымен бірге ол Серік Тұржановтың Алматыдағы пәтерінде түн мезгілінде тінту жүргізілгенде өзі байқаған жайттарды айтты.
Хаттамада көрсетілгендей тінту 22 сағат 15 минутта басталып, түнгі сағат 2-де аяқталған. Алайда, төрт сағат бойы жүргізілген тінту барысында пәтерден қылмыстық ешнәрсе табылмаған дей келе, Василий Резван ол тінтуге негіз болған Астана қаласы прокурорының санкциясы жасанды құжатқа ұқсайды деген күдігін айтады.
– Менің пікірімше, 2-сі немесе 3-ші маусымда Астана қаласының прокуроры санкцияны басқа біреудің атына берген. Өйткені, прокурордың берген бұл құжатында 2-ші маусым 3-ші маусымға түзетілген. Одан бөлек, бұл санкция электронды жолмен жасалған. Астына тек тергеушінің қолы қойылған. Осы сынды жайттардың негізінде мен бұл құжаттың жалған екендігін мәлімдеп бас прокурорға үндеу жасадым. Сөзімнің соңында бұл істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарауы тиіс дегім келеді, – деді Василий Резван.
Осы айтылған жайттарға қатысты қандайда бір түсініктеме алу мақсатында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (Қаржы полициясы) хабарласқан Азаттық тілшісіне мекеменің баспасөз хатшысы Дамижан Есенбекова ешқандай ақпарат бере алмайтындығын айтты.
– Әзірше тергеу жұмыстары жүріп жатыр, сондықтан ешнәрсе айта алмаймын. Ал қосымша қандай да бір сұрақтарыңыз болса, маусының 10-ында өтетін брифинг барысында қоюларыңызға болады, – деді баспасөз өкілі.
Серік Тұржановты қамауда ұстау немесе босату туралы мәселені маусымның 15-і күні Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты шешпек. Кәсіпкерлер Серік Тұржановқа өздерінің кепіл бола алатындығы туралы мәлімдеп, оны үйқамаққа босатуды сұрап отыр.
Олар көп жылдар Қазақстан экономикасының дамуына еңбек сіңіріп, бірқатар мемлекеттік наградалардың иегері атанған азаматтың бір күнде «қылмыскер» болып шығуы әлде біреулерге керек болуы мүмкін деп пайымдайды.
Азаттық радиосы бұдан бұрын хабарлағандай, осыған дейін тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы Серік Тұржановқа қатысты жағдайды анықтау мен әділ шешім шығаруды сұрап, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдаған еді.
«КИІК Фирмасы» ЖШС-нің құрылтайшысы Серік Тұржановты жемқорлық жасады деген күдікпен, осы фирманың бас директоры Александр Нысанов және Қазақстанның статистика агенттігі төрағасының орынбасары Бірлік Меңдібаевтармен бірге маусымның 2-і күні қаржы полициясы қамауға алған болатын.
Кәсіпкерлерді және меншік иелерін қорғау одағының президенті Василий Резван Серік Тұржановтың ісіне тергеу амалдарын жүргізіп жатқан қаржы полициясының іс-қимылы заң шеңберіне үйлеспейді деген пікірін білдірді:
– Маусымның 2-сінде Серік Тұржанов Астана қаласының қаржы полициясының тергеушісімен сұхбатқа барған. Қайталап айтамын, ол тек сұхбатқа барған. Әңгімелескеннен кейін қаржы полициясы оны қамауға алған. Ал, маусымның 3-інде Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы бұқаралық ақпарат құралдарына арнап өткізген брифингінде Серік Тұржановтың қызметін «экс-президент», «экс-кеңесші» деп таныстырды. Осыған қатысты мен бұл ақпараттың асығыс, әрі құқыққа сай емес таралғандығын мәлімдеймін.
Василий Резван Қаржы полициясының бұл әрекетін сотқа ықпал ету деп бағалады. Сонымен бірге ол Серік Тұржановтың Алматыдағы пәтерінде түн мезгілінде тінту жүргізілгенде өзі байқаған жайттарды айтты.
Василий Резван (оң жақта), кәсіпкерлерді және меншік иелерін қорғау одағының президенті. Алматы, 9 маусым 2009 ж.
– Маусымның 3-інен 4-іне қараған түні, шамамен сағат 10-дарда, маған Тұржанов мырзаның балалары хабарласты. Олар өз пәтерлерінің есігін біреулер бұзып кіруге әрекет жасап жатқандығын айтты. Мен келгенде үйді қоршап жүрген 20-ға жуық қаржы полициясының қызметкерін көрдім. Қолдарында видеокамералары бар, уақыт кешкі сағат 10 болғандығына қарамастан олар көршілерді де оятып, әлдебір жайттарды сұрастырып жүр екен. Алайда, ешқандай куәгерлерсіз, тергеу барысының қатысушыларынсыз видеотүсірілім заңға қайшы жасалып жатқанын байқадым. Осыны естеріне салған соң ғана олар бұл әрекетін тоқтатты. Одан кейін мен Серік Тұржановтың балаларына есікті ашуларын өтіндім, өйткені біз тергеушінің ісіне кедергі жасамауымыз керек. Содан кейін барып қана тінту хаттамаға сәйкес жүргізілді, – деп еске алды Василий Резван.Хаттамада көрсетілгендей тінту 22 сағат 15 минутта басталып, түнгі сағат 2-де аяқталған. Алайда, төрт сағат бойы жүргізілген тінту барысында пәтерден қылмыстық ешнәрсе табылмаған дей келе, Василий Резван ол тінтуге негіз болған Астана қаласы прокурорының санкциясы жасанды құжатқа ұқсайды деген күдігін айтады.