ТӨҢКЕРІС ЖАСАМАҚ БОЛҒАН ДЕП АЙЫПТАЛҒАНДАР
Қамауға алынған офицерлер, олардың ішінде 5 адмирал мен 2 генерал бар, 2003 жылы елде мемлекеттік төңкеріс жасауды жоспарлаған деген айыпқа қалып отыр.
Түркияның исламшыл негіздегі «Әділет және дәуірлеу» партиясы мен елдің кемалшылдары арасында текетірес, осы аптаның басында
Түрік армиясының отставкадағы генералы Өзер Қарабұлыт Стамбұл сотының ғимаратына кіріп барады. 23 ақпан 2010 жыл.
түрік қауіпсіздік күштері бұрынғы және қазіргі 50 әскери қолбасшыны қамауға алған соң ушығып кетті.Бұл елде ондаған жылдар бойы әскерилер республиканың негізін қалаған әрі сыйлы армия қызметкері болған Мұстафа Кемалдың құрып кеткен зайырлы қоғамының сақшысындай болып келді. Түркияның бірінші президенті елде «Ататүрік» деп аталып, оның жақтастары кемалшылдар ретінде танылған.
Ақпанның 22-күні сол жалпы қабылданған тәртіп жүйесі 21 генерал қамауға алынғанда айтарлықтай бұзылды.
Ұсталған әскери қолбасшылардың қатарында әскери-теңіз қолбасшысы болған, отставкадағы Өзден Өрнек, бұрынғы әуе күштерінің жоғары командирі Ибрахим Фиртина және бірінші армия қолбасшысы болған Ергин Сайгун бар. Сонымен қатар тағы басқа полковниктер қамауға алынды.
«ЕРГЕНЕКОН» ІСІ
Бұлардың ұсталуы исламшыл партия жетекшілік ететін үкіметтің «Ергенекон» ісін тергеудегі ең сенсациялық оқиғасы болды.
Түркия үкіметі құрамында жоғары әскери ресмилері болған топ бірнеше жыл үкіметтің көлеңкесінде әрекет етіп, елдің саяси бағытында шешімдер жасап келген деп біледі.
Түркиялық басылымдар бұған дейін, 2003 жылы биліктегі исламшыл партияға қарсы әскери төңкеріс жасамақ болды деген «Ергенекон» мүшелерінің жоспарына қатысты осындай тұтқындаулар болғанын жазады.
Төңкеріс жасау жөніндегі астыртын әрекеттер «Балиоз» деп аталған. Олар исламшыл фундаменталистер ретінде киініп, Стамбұлдағы екі үлкен мешітте бомбалық жарылыстар және әскери мұражайға шабуылдар жасау арқылы елде тәртіпсіздіктер тудырып, үкіметті құлатпақ болған деп айтылады.
Енді міне, әскери жетекшілердің тұтқындалуы елдің дәстүрлі қорғаушысы болып келген әскерилердің үстемдігін азайтып отыр.
Стамбұлдағы «Хуриет» басылымының тілшісі Өзгур Огрит бұл тұста жағдайдың қалай болатынын болжау мүмкін емес болып отыр
Қазір Түркияда бұдан әрмен не болатынын ешкім де айта алмайды деп ойлаймын.
- Бұл Түркия үшін болмаған жағдай, өйткені өткен айдан бері күн сайын ақпарат құралдарындағы тақырыптарда бірыңғай: Түркияда бірінші рет, республиканың тарихында алғаш рет, бірінші рет генералдар тергеуге алынды немесе генералдар тұтқындалды, болмаса тағы әскерилердің құпия операциясы тексерілді деген бірдей сөйлемдерді көресіз. Мен қазір Түркияда бұдан әрмен не болатынын ешкім де айта алмайды деп ойлаймын, - дейді Өзгур Огрит.
БИЛІК ІШІНДЕГІ ШИЕЛЕНІС
Түркияда 2007 жылы басталған «Ергенекон» тергеуі саяси және ақпараттық ортада үкіметтің исламшыл «Әділет және дәуірлеу» партиясын қолдаушылар мен кемалшылдар жақтастарын қалыптастырды. Енді бөлінудің соңы немен аяқталатынын болжау қиын.
Түркия генералдарының қамалуы сот жүйесінің өз ішінде де шиеленістер тудырған. Онда «Ергенекон» тергеуін жүргізуші прокурорлар мен бұл істі «биліктің исламшыл партиясының зайырлы қарсыластарын жазалаудағы саяси құралы» деп қарайтындар арасында күрес күшейген.
Соның бір көрінісі - өткен аптада Түркияның судьялар мен прокурорлардың жоғары кеңесі, «Ергенекон» ісіне өзінің қатысы бар деп әріптестері айыптаған прокурордың қамалуын сынады. Қамауға алынған прокурор Илхан Жиханер ислам қауымдастығын тергеген.
Одан кейін аталмыш кеңес Жиханердің ісіне қатысты тағы төрт прокурорды орнынан алып тастағанда, «Әділет және дәуірлеу» партиясы жетекшілік ететін үкімет жоғарғы кеңесті сот жүйесіне ауыр соққы жасады деп сынға алды.
БҰРЫНҒЫ ІСТІҢ ЖАҢА ҚЫРЫ
Бірақ «Ергенекон» тергеуіне байланысты қысастықтар 50 шақты әскери қолбасшы қамалғанда, бұл істі жаңа қырынан танытты. Бұл
Түркия президенті Аболла Гүл (ортада), елдің премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған (сол жақта) және армия бас штабының бастығы Илкер Басбұқ. Анкара, 25 ақпан 2010 жыл.
тұрғыда журналист Огрит: «Ол текетірестер іс жүзінде ештеңеге әкелмеген еді, бірақ қазіргі соңғы тұтқындаулар, менің пікірімше, басты тақырып болып қалады. Жұртшылық «Ергенекон» тобы төңкеріс жасамақ болды деп күдіктеліп, тергеуге журналистер, ғалымдар мен жазушылар тартылғанда, төңкерісті жасамақ болды деген әскерлер қайда болды деп сауалды көтерген. Және бұл өте орынды сұрақ болды. Енді міне, олар жетекші генералдардың соңына түсе бастады, менің ойымша, бұл істің мәнісі маңыздырақ болады», - деген пікір білдірді.
Осыған дейін «Ергенекон» ісіне қатысты күдік тудырған хаттар мен құпия куәлік жасаушылар негізінде зайырлы журналист, жазушылар мен академиктер қамалғанда, кейбіреулер мұны полиция дәлел-айғақтарды қолдан жасап отыр деп айыптаған еді. Қазір енді елдің ықпалды деген әскери шенді адамдары тергеуге алынғанда оның салмағы айтарлықтай өсіп отыр.
Бүгін Анкарада Түркия президенті Аболла Гүл елдің премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанмен және армия бас штабының бастығы Илкер Басбұқпен кездесіп, елдегі шиеленісті жағдайды талқылады.