Бұл жөнінде журналистерге "Газпромның" ақпарат басқармасынан хабарланды
Дмитрий Медведев “Украина газ қарызын соңғы рубліне дейін төлемесе, Ресей тарапынан санкциялар мен талаптарға тап болады” деп 24-ші желтоқсанда ескерткен еді. Ал Газпром егер жаңа келісімшартқа қол қойылмаса, қаңтардың 1-де Украинаға газ тасымалы тоқтатылады деп айтқан болатын.
Желтоқсанның 24-де Ресей теледидары арқылы сөйлеген сөзінде президент Дмитрий Медведев: “Бұлай жалғаса беруі мүмкін емес. Оларға ақшаны төлетіңдер”,-деді.
Газпромның айтуынша, Украина оған 2 миллиардтан аса доллар берешек. Оның ішінде қараша айына төлемеген 805 миллион доллар, желтоқсан үшін 862 миллион және өтемді кешіктіргені үшін салынған 450 миллион долларлық айып төлемі де бар.
Украина президенті Виктор Ющенко желтоқсанның 25-де сөйлеген сөзінде “тараптар Украина қарыздарын төлеуді бірнеше айға бөлуге және қорындағы жинақталған біраз газды ресми Киевтің Мәскеуге қайтаруына келісті” деген болатын.
Алайда Газпром өкілі Сергей Куприяновтың айтуынша, екі ел арасындағы айтыс аса күрделі деңгейінде тұр.
“Егер Украинаға 2009 жылға газ жеткізу келісіміне қазір қол қойылмайтын болса, онда қаңтардың 1-і күні біз ол елге газ жөнелте алмаймыз” деді Куприянов.
Әлемдік қаржы дағдарысынан қатты зардап шеккен Украина қазір газдың бір мың текше метрі үшін 179 доллар 50 центтен төлеуде.
Алайда Газпром жаңа жылдан бастап көгілдір отынның әрбір мың текше метрі 400 долларға дейін көтеріледі деп ескертіп отыр.
Осындай айтыс-тартысқа қарамастан екі жақ та еуропалық тұтынушыларға газ үздіксіз жеткізіледі деп сендірумен келеді.
Мысалы Куприяновтың айтуынша, Украина жері арқылы Еуропаға газдың толықтай жеткізілетініне заңдық та, техникалық та мүмкіндіктер жеткілікті.
Ал президент Ющенконың айтуынша, Украина біраз газ қорын жинап қойғандықтан, Еуропаға газ үздіксіз жіберіледі.
Еуропа Одағы өзі сырттан әкелетін газдың 40 пайызын Ресейден алып отыр. Олардың басым бөлігі Украина арқылы өтетін газ құбырымен жеткізілуде.
Тарихқа көз салсақ, 2006 жылдың қысында осы екі ел арасында өрбіген даудың кесірінен ЕуроОдаққа мүше көптеген елдерге газ тасымалы тоқтап қалған болатын.