Accessibility links

Тәліптерден қашқан мыңдаған ауған Иран мен Пәкістанды сағалады

"Талибаннан" қорқып қашқан ондаған мың ауған азаматы елден кетуді жөн санады. Көбі Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар уәлаятынан Пәкістанға өтіп кетуге тырысады.

2 қыркүйек күні Пәкістан ішкі істер министрі Чаман шекара бекеті уақытша жабылатынын мәлімдеді. Азаттық тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, жеке куәлігінде Спин-Болдақ немесе Қандағарда тұрады деген белгісі бар кейбір ауғандар шекарадан әлі де болса өте алады. Осы уақытқа дейін Чаман ауған азаматтары шетелдік паспортты емес, ел ішінде жүріп-тұрғанда пайдаланатын жеке куәлігін көрсетіп өзге мемлекет аумағына өте беретін жалғыз шекара бекеті болатын.

Ауғанстан мен Иран арасындағы Даукарун шекара бекетіндегі жағдайды көрген Азаттық тілшілері ол жерден өтуге шектеу қойылғанын хабарлады: шекарадан тек 15 тамызға, яғни "Талибан" Кабулдағы үкіметті құлатқан күнге дейін виза алып үлгерген ауған азаматтарын, немесе Ауғанстанның ықпалды жетекшілерімен байланысы бар адамдарды ғана өткізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG