Прагадағы Вацлав Гавел атындағы халықаралық әуежайда азаматтық белсенділер Путин басқарған Ресейде саяси қайраткерлер мен журналистерді өлтіруге наразылық акциясын өткізді. Чех тілінде Marné čekání, яғни «Үмітсіз күту» деп аталатын бұл шара әуежайда ұшақтан түскен жолаушыларды қарсы алатын жерде өтті. Белсенділер соңғы жылдары Ресейде қастандық құрбаны болған адамдардың есімдері жазылған тақтайшаларды үнсіз ұстап тұрды.