18 қазанда жазда болған "Ақтөбе оқиғасына" күдікті адамдардың соты басталды. Бұл адамдар 2016 жылғы 5 маусымда Ақтөбе қаласындағы қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге шабуыл жасады деген күдікке ілінген. "Ақтөбе оқиғасы" кезіндегі шабуылдарда ресми мәлімет бойынша жеті адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуыл жасады деген ондаған адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған. Соттың жабық өтетіні хабарланды.