20-шы ғасырдың басында жұрт Алаш деген сөзді естісе әзірейіл көргендей ат-тонын ала қашатын дейді әнші-зерттеуші Ықылас Ожай. Сондықтан да қазіргі халық әндері аталып жүрген әндердің біразы Ахмет Байтұрсынұлының, Міржақып Дулаттың әндері болуы керек.
Мәселен, зерттеуші Ожай Алашорда ұлттық аймақтық автономиясының әнұранын Міржақып жазған болуы мүмкін десе, журналист Болат Мүрсәлім ол әнұранның авторы Жүсіпбек Аймауытов болуы да ғажап емес деген ой айтады.
Құрметті ағайын, Азаттықтың “Зерде” айдарында Алаш әні деген тақырыпта өткен сұқбатымызды тыңдауға шақырамыз. Хабарымызды мына жерден тыңдай аласыздар.