Accessibility links

Amnesty International Қазақстанда адамды азаптау азаймағанын айтты


Қартаң әйел түрмедегі баласы азап көріп жатқанын айтып, абақты алдында полицейге жылап тұр. Алматы. 30 шілде 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Қартаң әйел түрмедегі баласы азап көріп жатқанын айтып, абақты алдында полицейге жылап тұр. Алматы. 30 шілде 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Халықаралық Amnesty International (AI, «Амнести Интернэйшнл») ұйымының мәліметінше, 2011 жылы Қазақстанда азаматтарды полицейлердің азаптауы туралы көптеген дерек тіркелген. Ұйымның баяндамасына қарағанда, құқық қорғау органдары Жаңаөзендегі мұнайшылар ереуілі барысында наразылық танытушыларды қуып тарату үшін шектен тыс күш қолданған.

Мамырдың 24-інде Amnesty International ұйымы жариялаған баяндамада әлем елдеріндегі адам құқықтары жағдайы сипатталады. Баяндаманың Қазақстанға қатысты бөлігінде 2011 жылы елдегі кезектен тыс президент сайлауы, жарылыстар, Жаңаөзен оқиғасы, қинап-азаптау және босқындар мәселесі айтылған.

САЙЛАУ, ЖАРЫЛЫСТАР ЖӘНЕ ЖАҢАӨЗЕН

«Былтыр сәуір айында баламасыз сайлаудың нәтижесі бойынша президент Нұрсұлтан Назарбаев 95 пайыздан астам дауыс жинап, жеңіске жетті. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы дауыс беру барысында заң көп бұзылғанын айтты» деп жазады баяндама авторлары.

Аталмыш ұйымның мәліметінше, Қазақстан билігі тіркелмеген немесе тыйым салынған исламшыл топтарға қарсы бағытталған лаңкестікпен күрес шараларын жандандырған. Бұған елдің түрлі аймақтарында орын алған жарылыстар себеп болған.

«Билік орындары «заңсыз исламшыл топтардың лаңкестік шабуылы» деп атаған
Террорлық шабуылдан қаза тапқан адам. Тараз, 12 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Террорлық шабуылдан қаза тапқан адам. Тараз, 12 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
зорлық-зомбылық әрекеттерінен кемінде 35 адам қаза болды» деп жазады Amnesty International.

«Билік ұлттық қауіпсіздікті сылтауратып, діни бірлестіктерге бақылауын күшейтуді көздейді» деп, құқық қорғау ұйымдарына сілтеме жасаған Amnesty International қазан айында Қазақстанда «діни ұйымдардың әрекеттерін шектейтін жаңа заң» күшіне енгенін айтады.

Ұйым бейсенбі күнгі баяндамасында Жаңаөзен оқиғасына да тоқталған.

«2011 жылы 16 желтоқсанда мұнайшылардың Жаңаөзен қаласында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау мекересі мемлекеттің жаңа тарихындағы ең үлкен тәртіпсіздіктерге ұласты» деп жазылған халықаралық ұйым есебінде.

Баяндамада өткен жылдың мамыр айынан бері елдің батысында мыңдаған мұнайшылардың ереуілге шығып, жалақыларын көбейтуді және еңбек жағдайын жақсартуды талап еткені айтылған.

«Мұнай компаниялары сотқа жүгінді. Ал сот мұнайшылардың ереуілін заңға қайшы деп тауып, жүздеген мұнайшы жұмысынан босатылды. Құқық қорғау органдары наразылық танытушыларды қуып тарату үшін шектен тыс күш қолданды» деп жазады ұйым.

АЗАПТАУ ОҚИҒАЛАРЫ

Amnesty International ұйымының баяндамасында Жаңаөзен оқиғасынан кейін ондаған адамның қамауға алынып, сыртқы әлеммен байланысу құқы болмағаны да айтылған. Туыстарының айтуынша, тұтқындалған азаматтарды тыр жалаңаш
Полицей ер адамды тексеріп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Полицей ер адамды тексеріп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
шешіндіріп, ұрып-соғып, үстінен суық су құйған. Журналистер полиция ғимаратындағы бөлмелерден адамдардың шыңғырып айқайлағандарын естігендерін хабарлаған.

«Өкінішке қарай, полиция учаскелеріне кіруге мүмкіндігі болмаған тәуелсіз бақылаушылар бұл мәліметтерді тексере алмады. Полицияда азапталған кемінде бір адамның қаза болғаны хабарланды» деп жазады баяндамада авторлары.

Бұл баяндамада өткен жылы жазда Қостанай облысының Рудный қаласындағы бір азаматтың азаптауға душар болғаны да айтылған. 2011 жылы шілденің 25-інде Рудный қаласында он шақты полицей 21 жастағы Николай Майер мен оның төрт жолдасына шабуылдаған. Куәгерлердің айтуынша, полицейлер тұрғын үйлердің бірінің ауласында отырған әлгі жас жігіттерді тепкілеп, бастарын таяқтармен ұрып, соққыға жыққан. Есінен танып қалған Николай Майер келесі күні ауруханаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, оның миы шайқалып, басы, көзі және аяғына зақым келген. Николай Майер үйқамаққа алынған.

«Медициналық қорытындыға, Майердің туыстары мен адвокатының шағымдарына қарамастан, прокуратура полиция қызметкерлерінің қинап-азаптау тәсілдерін
Полицияның тергеуінен соң қайтыс болған Базарбай Кенжебаевтың қанға боялған көйлегі. Жаңаөзен,19 желтоқсан 2011 жыл. Суретті түсірген "Новая газета" тілшісі Елена Костюченко. (Көрнекі сурет)
Полицияның тергеуінен соң қайтыс болған Базарбай Кенжебаевтың қанға боялған көйлегі. Жаңаөзен,19 желтоқсан 2011 жыл. Суретті түсірген "Новая газета" тілшісі Елена Костюченко. (Көрнекі сурет)
қолдану фактісі бойынша тергеу жүргізбеген. Қостанай облысы ішкі істер департаменті полицейлердің күш қолдануын ақтады. Қараша айында сот процесі басталды. Жылдың соңындағы мәлімет бойынша сот үкімі әлі шықпаған еді» деп жазады Amnesty International.

Ұйымның мәліметінше, 2011 жылдың жазында БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактідегі шарттардың орындалуына байланысты Қазақстанның есебін қарап шыққан. Комитет Қазақстанда қинап-азаптауды жою мәселесінде алға басу жоқ екеніне өкініш білдірген.

«Комитет бұл мәселені шешуге Қазақстанның саяси жігері жоқ шығар деп күдіктеніп отыр» деп жазады Amnesty International.

Халықаралық ұйым Қазақстан билігін босқын мәртебесін сұраған азаматтарды Қытай мен Өзбекстанға күштеп қайтарғаны үшін де сынаған.
XS
SM
MD
LG