Accessibility links

Әзербайжан ұшақ апаты құрбандарын аза тұтып жатыр. Баку әуежайы, 26 желтоқсан, 2024 жыл.
Әзербайжан ұшақ апаты құрбандарын аза тұтып жатыр. Баку әуежайы, 26 желтоқсан, 2024 жыл.

Ақтаудағы ұшақ апатына Ресей әуе қорғаныс жүйесінің қатысы бар деген болжам айтылды

Ақтау маңына құлаған Әзербайжан әуе компаниясының ұшағында болған 67 адамның 38-і қаза тапты. Олардың арасында Қазақстанның алты азаматы бар. Аман қалған 29 адам ауруханаға түскен.

08:15 26.12.2024

ТЖМ ұшақ апатынан мерт болған алты қазақстандықтың аты-жөнін жариялады

Қазақстанның төтенше жағдай министрлігі 25 желтоқсанда Әзербайжанның әуе компаниясының жолаушы ұшағы Маңғыстау облысы аумағында апатқа ұшырағанда қаза тапқан Қазақстанның алты азаматының аты-жөнін жариялады:

  • Астана қаласының тұрғыны, нотариус болып жұмыс істеген 49 жастағы Гаухар Шаймерденова мен оның 11 жастағы ұлы Елдар Жұмағат;
  • Қарағанды қаласында тұратын 29 жастағы дәрігер Сәлима Жұтаева;
  • Жаңаөзен қаласында мұнай компаниясында еңбек еткен 36 жастағы Сәндібек Төлесінов;
  • Жаңаөзеннің тағы бір тұрғыны, мұнай компаниясында жұмыс істеген 39 жастағы Бауыржан Жұмағұлов;
  • Ақтаулық кәсіпкер, 46 жастағы Галина Махсудова.

Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағында болған 67 адамның 38-і қаза тапты. Аман қалған 29 адам Ақтаудағы ауруханаға жеткізілген.

"11 адам жансақтау бөлімінде жатыр, олардың сегіз ес-түссіз жатыр. Ауруханаға түскендердің он үші – Әзербайжан азаматы, тоғызы – Ресей азаматы", – деді Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев сәрсенбі күні кешке Ақтаудағы баспасөз жиынында. Ол қаза тапқандарды анықтау үшін сараптама тағайындалғанын, кейбір мәйітті сараптамасыз анықтау мүмкін емес екенін айтты.

Ресми ақпаратта ұшақ апатынан аман қалып, ауруханаға түскендердің арасында Қырғызстанның үш азаматы мен қай елдің азаматы екені әзірге белгісіз екі адам бары айтылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG