Accessibility links

Әзербайжан ұшақ апаты құрбандарын аза тұтып жатыр. Баку әуежайы, 26 желтоқсан, 2024 жыл.
Әзербайжан ұшақ апаты құрбандарын аза тұтып жатыр. Баку әуежайы, 26 желтоқсан, 2024 жыл.

Ақтаудағы ұшақ апатына Ресей әуе қорғаныс жүйесінің қатысы бар деген болжам айтылды

Ақтау маңына құлаған Әзербайжан әуе компаниясының ұшағында болған 67 адамның 38-і қаза тапты. Олардың арасында Қазақстанның алты азаматы бар. Аман қалған 29 адам ауруханаға түскен.

09:18 26.12.2024

Ұшақ неге теңізге қонбады? Сарапшы түсіндіреді

Ақтау маңына құлаған жолаушы ұшағының апатқа ұшырауына не себеп болды? Ұшқыштардың әрекетін қалай бағалаймыз? Теңізге қонса көбірек адам өмірін сақтау мүмкін болар ма еді? Embraer 190 деген қаншалық қауіпсіз ұшақ? Азаттық бұл сұрақтарды авиация маманы Абыл Кекілбайға қойды.

09:11 26.12.2024

Ақтау соты ұшақ құлаған жерді дронға түсірген блогерді 10 күнге қамауға пәрмен берді

Ақтау маңындағы ұшақ апаты аумағын дронға түсірген маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев 10 күнге қамалды. Әкімшілік сот шешімінде Сәрсенбаевтың полицияның талабына қарамастан апат аумағын дронмен және смартфонға түсіргені жазылған.

Сотта блогер өзіне тағылған айыпқа келіспей, BBC, Reuters медиаларындағы әріптестерінің өтініші бойынша аумақты түсіргенін, полицияның жұмысына кедергі келтірмегенін айтқан.

Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ. Адвокат шешімді апелляцияға беретінін мәлімдеді.

25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға жолаушы апара жатқан Azerbaijan Airlines компаниясының ұшағы Ақтау маңына құлаған. Ұшақта экипаждың бес мүшесінен бөлек, Әзербайжанның – 37 азаматы, Ресейдің - 16, Қазақстанның - 6, Қырғызстанның 3 азаматы болған.

Апат салдарынан 38 адам мерт болып, аман қалған 29 адам Ақтаудағы ауруханаға жеткізілген. Тірі қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Ұшақ құлаған күні апат аумағынан ақпарат таратқан Азамат Сәрсенбаевты полиция ұстаған еді.

09:03 26.12.2024

Маңғыстау облысындағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек беріледі. Бұл туралы апатқа байланысты құрылған үкімет комиссиясының сәрсенбідегі отырысында айтылды деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсету және қаза тапқандардың үй-ішіне көмек көрсету жөнінде тапсырма берген.

"Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетіледі. Бұған қоса, апаттан қайтыс болған шетелдік азаматтардың Маңғыстау облысына келген жақындарына да қажетті көмек беріледі", – деп хабарлады облыс әкімдігі.

Ақтау маңында жолаушы ұшағы құлаған жерде жүрген құтқарушылар. Маңғыстау облысы, 25 желтоқсан, 2024 жыл.
Ақтау маңында жолаушы ұшағы құлаған жерде жүрген құтқарушылар. Маңғыстау облысы, 25 желтоқсан, 2024 жыл.

Ақтау маңына құлаған Azerbaijan Airlines компаниясы ұшағының ұшқыштар кабинасындағы әңгіме мен ақпаратты жазып алатын арнаулы құрылғысы (ауызекі тілде – "қара жәшік") апат болған аумақтан табылған. Ол қылмыстық іске тіркеледі деді Қазақстан билігінің өкілдері. Ұшақ апаты бойынша тергеуді Қазақстанның құқық қорғау органдары жүргізеді.

"Қылмыстық іс қозғалды, барлық қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Ұшақтың "қара жәшігі" табылып, тергеушілерге берілді, оны іс тіркейді", — деп хабарлады сәрсенбіде Қазақстан көлік прокуратурасының өкілі.

25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға жолаушы апара жатқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы Ақтау маңына құлады. Ресми дерекке сай, ұшақта экипаждың бес мүшесінен бөлек, Әзербайжанның – 37 азаматы, Ресейдің - 16, Қазақстанның - 6, Қырғызстанның 3 азаматы болған.

Ұшақ апатынан 38 адам қаза тауып, 29 адам тірі қалған. Тірі қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

08:39 26.12.2024

26 желтоқсанда Әзербайжан ұшақ апаты құрбандарын аза тұтады

Бүгін, 26 желтоқсан Әзербайжанда Қазақстанның Маңғыстау облысында болған ұшақ апатынан қаза тапқандарды аза тұту күні деп жарияланған. Елде көпшілік той-думан шаралары өткізілмейді, Бакуде жаңа жылға арнап безендірілген түрлі-түсті жарық көздері өшірілген.

Бір күн бұрын, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшып шыққан Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer-190 жолаушы ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған. Ресми дерекке сай, ұшақта экипаждың бес мүшесінен бөлек, Әзербайжанның – 37 азаматы, Ресейдің - 16, Қазақстанның - 6, Қырғызстанның 3 азаматы болған.

Ұшақ апатынан 38 адам қаза тауып, 29 адам тірі қалған. Олар Ақтаудағы ауруханаға жатқызылды, жеті адамның жағдайы өте ауыр екені хабарланды. Тірі қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Әзербайжан жағы ұшақ апатынан зардап шеккен адамдарды Қазақстаннан жеткізу үшін арнайы рейс те қарастырылғанын хабарлады. Алайда Azerbaijan Airlines әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, дәрігер рұқсат берген жағдайда ғана зардап шеккендер Бакуға әкетілмек.

Azerbaijan Airlines компаниясының жолаушы ұшағы құлаған жер. Маңғыстау облысы, 25 желтоқсан, 2024 жыл.
Azerbaijan Airlines компаниясының жолаушы ұшағы құлаған жер. Маңғыстау облысы, 25 желтоқсан, 2024 жыл.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG