73 мың адам тұратын Арал ауданына қарасты құмды жерде орналасқан ауылдарда тек мектеп пен аурухана ғана жұмыс жасайды. Ал ауыл тұрғындары шешімін таппаған әлеуметтік мәселелер жеткілікті дейді.
Соның бірі - жұмыссыздық, аймақтағы ауылды жерлерде өндіріс орындары жоқ. Ауыл халқын жастардың жағдайы да алаңдатады. Жастар уақытша табыс табудың көзі ретінде мал баққанымен, зейнеткерлік жасқа келгенде зейнетақы ала алмайды дейді тұрғындар.
Аудан орталығы Аралдан 100 шақырым қашықтықта орналасқан Қарақұм ауылы совет заманында тың игеру кезінде мал шаруашылығын дамыту мақсатында құрылған совхоздардың бірі болған.
Осы ауылдың байырғы тұрғыны Абай Әбішұлы ауылда жұмыс орны
Аудан орталығы Арал қаласынан Қарақұм ауылына жұрт осы жолмен қатынайды. Қызылорда облысы, 11 қараша 2010 жыл.
болмағандықтан, жастар жұмыс іздеп басқа жақтарға баруға мәжбүр екенін айтады. Ол аталған ауылда бұрындары 4000 адам тұрып келсе, соңғы санақ бойынша 2700 адам тіркелгенін айтты. Ол ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуге билік тарапынан дұрыс көңіл бөлінбей отыр деп санайды.Үкіметтің 100 мектеп, 100 аурухана салу бағдарламасы бойынша ауылда мектеп пен аурухана салынған.
Аудан әкімінің орынбасары Бөрі Дабылов аудандағы жұмыссыздар саны еңбекке жарамды халық санының шамамен 7-8 пайызы болуы мүмкін дейді. Ол бірнеше инвестициялық жобалар іске асатын болса, тұрғылықты халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік болады деп үміттенеді.