Қажыгелдин: "Жағдай өте нашар. Ұрланған капитал - өте үлкен"
Сәуірдің 9-ы күні Брюссельде Қазақстанның бір топ саясаткері мен азаматтық белсендісі "Жаңа Қазақстан" атты форум өткізді. Азаттық тілшісі Өркен Жоямерген осы жиынды ұйымдастырушы, шетте тұратын бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдинмен сұхбаттасқан.
Шыңжаңдағы қамау хроникасы
2018 жылы Қытайдың Шыңжаң аймағында ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар және татарлардың саяси тәрбие орталықтарында қамалып жатқаны жиі айтылды. Азаттық Шыңжаңдағы оқиғалардың хроникасын тізіп шыққан.
Назарбаевтың жеке басына табыну бар ма?
Нұрсұлтан Назарбаевтың қарсыластары елде президенттің жеке басына табыну белгілері күшейіп келеді деп мәлімдейді. Назарбаевтың жақтастары елде мұндай құбылыс жоқ, бұл – "ұлттық ерекшеліктердің көрінісі" ғана деп санайды.
Қазақстанның нәтижесі төмендеген олимпиада
2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан олимпиадасында Қазақстанның алға қойған "мақсаты орындалмады". Олимпиадаға барып қайтқан Азаттық тілшісінің репортажы.
Көпке қымбат партия
Президент басқаратын билеуші "Нұр Отан" партиясының жалпы табысы 2013 жылдан 2017 жылға дейін 45 миллиард теңгеден асқан. Қаржылық есеп бойынша, осы бес жылда партия 30 миллиардтан астам қаржы жұмсапты.
Ұстауға, қамауға және жауапқа тартуға болмайды
2018 жылы Қырғызстанда экс-президенттерге тиісуге болмайды деген норманы шектейтін бастама көтерілді. Ал Орталық Азияның басқа елдерінде президентке тиіспеу кепілдігі өмір бойына сақтауды жақтайтындар иммунитетті "кек алғысы келетіндерден" қорғау деп біледі.
Дәурен Абаевтың түсінігіндегі сөз бостандығы
Дәурен Абаевтың Ақпарат және коммуникация министрі қызметіне тағайындалғанына екі жылдан асты. Осы аралықта министр өзі жоғары бағалаған БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізіліп, елдегі сөз бостандығы мәселесі сынға қалды.
Орыстарды Ресейге шақыру және олардың реакциясы
Қазанның соңында Ресей президенті Владимир Путин 2019-2025 жылдарға арналған миграциялық саясаттың жаңа тұжырымдамасын бекітіп, шетелде тұратын орыстарды «Орыс әлемін» нығайтуға шақырды, «көшіп келсе жағдайларын жақсартамыз» деп уәде берді. Бұл туралы Қазақстанда тұратын орыстар мен сарапшылар не ойлайды?
Сырттай соттаудың қазақстандық "дәстүрі"
2018 жылы бұрынғы банкир, Қазақстан билігінің оппоненті Мұхтар Әблязовтің үстінен сырттай үкім оқылды. Қазақстанда сырттай соттау тәжірибесі 2001 жылы бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдинді соттаудан басталды.
"Жас реформатордың" офшорға дейінгі жолы
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясынан "Қазақстан теміржолына" басшы болып ауысқан кезіндегі "жас реформатор" қайтіп сақа саясаткерге айналды?
Теңіздің тамшысындай Кіші Арал
Соңғы жарты ғасырдан астам ұдайы құрғап келген Арал теңізінің солтүстік бөлігі біртіндеп қалпына келе бастады. Азаттық тілшісінің Аралға сапары.
Қытайда "қысыммен түсік жасатқан" әйел
Қазақстандыққа күйеуге шыққан Қытай қазағы Азаттыққа былтыр қазан айының соңында Шыңжаңдағы туған жері – Бурылтоғайға төркіндеп барған кезінде "саяси лагерьге қамалу қаупі туып, жергілікті биліктің қысымымен жасанды түсік жасатқанын", "өкпе дертіне шалдыққанын" айтты.
"Халық пен билік екі түрлі Қазақстанда өмір сүреді"
Ресми деректерде "Қазақстанда кедейлер саны халықтың 3 пайызына жуықтайды" деп көрсетілген. Ал халықаралық ұйымдар мен сарапшылар "елдегі кедей саны бұдан әлдеқайда көп" дейді. Азаттық тілшісінің зерттеуі.
"Жыласам, сөзімнің еш құны болмас еді"
"Шекараны заңсыз кесіп өтті" деп айыпталып, тамыздың 1-інде Қазақстан соты алты ай шартты түрде бас бостандығынан айырған, бірақ экстрадицияламай елде қалдырған Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбай Азаттыққа сұхбат берді.
Тұрғындар президент туыстары жайлы ашылып сөйлемейді
Алматыдан 50 шақырым жерде орналасқан Шамалған ауылында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туып-өскен. Бұл жерде әлі күнге дейін президенттің туыстары мен сыныптастары тұрады. Былтыр Шамалғанда "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы ашылды, соның негізінде президентке арналған музей де пайда болды.
Белсенділер ұсталып, күзет күшейген күн
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні Қазақстанда күзет күшейіп, ондаған белсенді ұсталды.
Қой етін жеуден чемпиондар
OECD зерттеу ұйымының дерегінше, Қазақстан қой етін жеуден әлемдегі үздіктердің бірі. Азаттықтың инфографикаларын мына сілтемеден көре аласыз.
2018 жыл қалай өтті?
2018 жыл Қазақстанда қандай оқиғалар болды? Ел экономикасы мен саяси өмірі қалай өзгерді? Азаттықтың талқылауы.
ПІКІРЛЕР