Accessibility links

Әзербайжан оппозиционері «экс-президентке у берген» деп айыпталды


Әзербайжанның бұрынғы президенті Абулфаз Елшібей. 29 тамыз 1992 жыл.
Әзербайжанның бұрынғы президенті Абулфаз Елшібей. 29 тамыз 1992 жыл.
Оппозиционер Әли Керимлиді «12 жыл бұрын көз жұмған бұрынғы президент Абулфаз Елшібейге у беруді ұйымдастырды» деп айыптаушы адам – «Муасир Мусават» партиясының басшысы Хафиз Гаджиев.

Оппозициялық «Йени Мусават» басылымының жазуына қарағанда, елдің бас прокуратурасы «Халық майданы» оппозициялық партиясының басшысы Әли Керимлидің үстінен «кісі өлтіру әрекеті» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Керимли өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, оны «жиіркенішті өтірік» деп атады. Оппозициядағы басқа саясаткерлердің айтуынша, бұл – 2013 жылғы қазанға белгіленген президент сайлауына қатыстырмай тастау үшін Керимлиге күйе жағу әрекеті болуы мүмкін.

ҒАЛЫМ–ДИССИДЕНТ–ПРЕЗИДЕНТ

Әзербайжанның бұрынғы президенті Абулфаз Елшібей – түркі бірлігі идеясын қолдаған шығыстанушы ғалым. Сол көзқарасы үшін 1970-жылдары қудалауға ұшырап, 18 ай жұмысшы лагерінде қамауда болған.

Кейін «Әзербайжан халық майданының» төрағасына дейінгі дәрежеге көтерілген ол 1992 жылдың маусым айында ұлтшылдық ұрандарының көмегімен Әзербайжанның президенті болып сайланған.

Әзербайжанның демократиялық жолмен сайланған алғашқы президенті тұсында
Әзербайжанның сол кездегі премьер-министрі Ильхам Әлиев (сол жақта) пен оның әкесі, ел президенті Гейдар Әлиев. 4 тамыз 2003 жыл.
Әзербайжанның сол кездегі премьер-министрі Ильхам Әлиев (сол жақта) пен оның әкесі, ел президенті Гейдар Әлиев. 4 тамыз 2003 жыл.
елде саяси дүрбелең басталып, соның кесірінен арада бір жыл өткенде Елшібей тақтан тайдырылды. Сөйтіп ол Бакуден қашып, Нахичеваньдағы ауылына кетіп қалған.

Одан кейін билікке келген президент Гейдар Әлиев 1997 жылы Елшібейдің Бакуге оралуына рұқсат берді, сөйтіп оның саяси жолы қайта жалғасты.

Түркиямен федерация деңгейінде бірігу саясатын жақтаған Абулфаз Елшібей 2000 жылдың наурыз айында Анкараға сапар шегіп, осы елдің басшыларымен түрлі кездесулер өткізген. Ресми ақпарат көздерінде хабарланғанындай, осы сапарында ол түрік емханасында вирустық тұмаудан емделген. Сол жылғы шілде айының басында бүйрек дерті меңдеп, ауруханаға жатқызылған ол 2000 жылы тамыздың 22-сінде 62 жасында Анкарада көз жұмды. Қайтыс боларынан бір апта бұрын ғана партиядағы үзеңгілестері Елшібейдің қуық безі қатерлі ісік дертіне шалдыққанын айтқан.

Абулфаз Елшібейдің отбасы мүшелері бұрынғы президенттің өлімі төңірегіндегі жаңадан пайда болған «бос әңгімені тоқтатуға» шақырды.

«ҚЫЛМЫСТЫ БІЛГЕН АЛТЫ АДАМ»

«Муасир Мусават» партиясының басшысы Хафиз Гаджиевтің айтуынша, жеке әңгімелескенде Абулфаз Елшібей оған «Комсомолдың» қолынан уланғанын айтып ағынан жарылған.

«Комсомол» – Әли Керимлидің лақап аты. Бірақ Гаджиев бұл әңгіменің қай уақытта болғаны туралы тіс жармады. Оның айтуынша, Керимли экс-президенттің көмекшісі
"Халық майданы" партиясының басшысы Әли Керимли. Әзербайжан, 4 ақпан 2012 жыл.
"Халық майданы" партиясының басшысы Әли Керимли. Әзербайжан, 4 ақпан 2012 жыл.
Әли Мурсалоғлымен бірге Елшібейді саяжайына көлікпен алып барып, оған сол жерде у берген.

Гаджиевтің сөзіне қарағанда, «улау операциясының ұйымдастырылып жатқанынан алты адам хабардар болған».

Жоғарыда аталған адамдармен қоса бұл іске Елшібейдің көлік жүргізушісі Халил, «Гудрат мырза» және «Фазыл мырза» кірісті» дейді ол.

Соңғы екеуі Әзербайжандағы екі партияның жетекшілері – Гудрат Гасанкулиев пен Фазыл Газанфароғлы болуы мүмкін.

Бұл екі партия да 2001 жылы Хафиз Гаджиев құрған партия сияқты сөз жүзінде оппозициялық бағыт ұстанады, бірақ қоғамда қалыптасқан пікірге сенсек, «өкімет
«Муасир Мусават» партиясының басшысы Хафиз Гаджиев. 2010 жыл.
«Муасир Мусават» партиясының басшысы Хафиз Гаджиев. 2010 жыл.
елде саяси плюрализмнің көрінісін жасау үшін бұларды өздері қаржыландырып отыр». Екі саясаткер де 2010 жылдың қараша айында өткен сайлауда парламентке депутат болып сайланған.

Ал шынайы оппозиция санатындағы Әли Керимли басқаратын «Халық майданы» мен Иса Гамбар басқаратын «Мусават» партиясы бірде-бір мандатқа ие бола алмаған.

КЕРИМЛИ – ИЛЬХАМ ӘЛИЕВТІҢ БАСТЫ ҚАРСЫЛАСТАРЫНЫҢ БІРІ

Хафиз Гаджиев те, Гудрат Гасанкулиев те 2008 жылғы президент сайлауына қатысып, Ильхам Әлиевке қарсылас болған. Алғашқысы 0,65 пайыз дауыспен
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев. 16 шілде 2012 жыл.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев. 16 шілде 2012 жыл.
соңғы орын алса, екіншісі сайлаушылардың 2,28 пайызының қолдауына ие болып, төртінші орынға тұрақтаған.

Гаджиев экс-президенттің қазасына қатысты бұл жайт туралы он екі жыл бойы жақ ашпай келіп, неге енді ғана жариялап отырғанының себебін таратып айтпады.

2000 жылдың жазында «Әзербайжан халық майданы» партиясы екіге бөлінуге шақ қалған еді. Төраға Абулфаз Елшібей консервативтер («романтик-популистер») бағытын, ал оның орынбасары Әли Керимли либералистер («рационал-прагматистер») тобын қолдаған.

Әли Керимли мен Иса Гамбар – келер жылы өтетін президент сайлауында қазіргі президент Ильхам Әлиевке қарсы тұра алатын ең ықпалды саясаткерлер санатында.
XS
SM
MD
LG