Accessibility links

Коля Лукашенконың президент әкесі «иемденген» балалық шағы


Ресей президенті Дмитрий Медведев Беларусь президенті Александр Лукашенконың ұлы Николайға тапанша сыйлап тұр. Беларусь, Обуз-Лесновский полигоны, 29 қыркүйек 2009 жыл.
Ресей президенті Дмитрий Медведев Беларусь президенті Александр Лукашенконың ұлы Николайға тапанша сыйлап тұр. Беларусь, Обуз-Лесновский полигоны, 29 қыркүйек 2009 жыл.

Александр Лукашенко көпшілікке «Еуропадағы соңғы диктатор» әрі демократиялық өзгерістерді жаны қаламайтын жетекші ретінде танымал. Азаттық радиосының тілшісі президент әке мен баланың ара-қатынасына үңіліп көрген болатын.


Беларусь жетекшісі Александр Лукашенко кішкентай ұлы Коляны Рим папасымен кездессе де, ұлттық жасақтарды араласа да, жанынан қалдырмайды. Әкесіне Ресей президенті алтын жалатылған тапанша сыйлаған кезде де салтанатты сәтке куә болып қасында тұрды. Сондықтан да алты жасар Коляның балалық шағын басқа құрдастарымен салыстыруға келмейді.

КОЛЯ ДЕГЕН КІМ?

Коля атымен көбірек танымал 6 жасар Николай Лукашенко әкесі - президент Александр Лукашенкоға еріп жүріп, Беларусь телеарналарынан түспейтін болды.

Кішкентай Коля президент қошеметшілері қатарында жүріп, желтоқсан айында Александр Лукашенконы төртінші мәрте билікте қалдырған даулы президент сайлауына дауыс беруге де барды. Бұл жерде президент Лукашенко ерте есейген баласының бірінші рет «өзің үшін дауыс бер» деп өзін «көндіргенін» айтады:

«Біз дауыс беру кабинасына кірген кезде, ол бюллетенді алып оқи бастады. Мен оған: «ал баста, оқып шық» дедім. Ол біраз қарап, төменгі жағына
Беларусь президенті Александр Лукашенко ұлы Николаймен бірге Рим папасы XVI Бенедиктпен кездесуде. Ватикан, 27 сәуір 2009 жыл.
жеткенде: «О, папа мына жерде Александр Лукашенко деп тұр!», - деді. Мен одан «кімге дауыс бересің?» десем, ол «сен өзіңе дауыс беруің керек» деді. Сондықтан мен өмірімде бірінші рет өзіме дауыс бердім. Ол үшін барлық алғысымды балаға айтамын», - дейді Лукашенко.

Мұндай әңгімелер Беларусьтегі президент сайлауынан кейін болған наразылықтардың қанды қақтығысын көрген адамдарға жақпауы мүмкін. Сайлаудан кейінгі шерулерде жүздеген адам соққыға жығылып, ішінде Лукашенконың президенттік додадағы бәсекелестері бар оппозициялық топтар түрмеге жабылған. Лукашенко үкіметі оппозициялық кандидат Андрей Санниковты журналист әйелімен бірге түрмеге жапқанда, оның 3 жасар баласын да қамауға алмақ болған.

Бірақ Беларус қоғамында “Батька” деген атауы бар Лукашенко үшін бәрінен де Коляның айтқандары құнды болып табылады. Бақылаушылар да әкелі-балалы Лукашенколардың қарым-қатынасы ерекше жақын екенімен келіседі.

ЛУКАШЕНКОНЫҢ БАСҚА ЕКІ ҰЛЫ

56 жастағы Беларусь жетекшісінің ер жеткен екі ұлы бар. Виктор мен Дмитрий үлкен Лукашенконың Галина деген әйелінен туған балалары.

Бірақ 6 жасар Коля президент Лукашенконың жеке дәрігері болған Ирина
Ирина Абельская - Беларусь президенті Александр Лукашенконың кенже ұлы Николайдың анасы.
Абельскаядан туған. Саяси сарапшы Владимир Падхолдың айтуынша, Беларусь диктаторы «өз өміріндегі шынайы махабатты» осы әйелден тапқан:

«Лукашенко қатты жалғыздық күйін кешіп отырған адам. Ол біржола оқшау қалған адам. Өзін баршадан алшақ ұстайды, себебі ол әркімнен бір қорқады. Ешкімге сенбейді. Тіпті оған үлкен ұлы өзін биліктен кетіруді жоспарлап жүрген бәсекелес ретінде көрінеді. Коля болса, оған психологиялық қолдау болып отыр. Өйткені президент оны жақсы көреді, оған сенеді. Олар бір-бірін жақсы көріп, өзара сенім артады. Оның кішкентай ұлы - сене алатын жалғыз адамы. Себебі ол ешқандай да қауіп төндірмейді», - дейді сарапшы.

КІШКЕНТАЙ ҚУЫРШАҚ-САЯСАТКЕР

Әдетте Беларусь саясаткерлері өз отбасыларын жасырын, қоғам назарынан тыс ұстайды. Коляның президент маңынан көрінуі ол екі жасқа толғанда басталды. Содан бері ол тіпті тәжірибелі дипломаттардың өзін діңкелетіп
Беларусь президенті Александр Лукашенко ұлы Николаймен бірге президент сайлауында дауыс беріп тұр. Минск, 19 желтоқсан 2010 жыл.
тастайтын күн тәртібін үлкен адамдай еңсеріп келеді.

Мысалы, Коля әкесінің Армения президентімен бетпе-бет кездесуіне қатысты. Кішкентай әскери киімін киіп, елдің ұлттық армия күштерін президент әкесімен бірге аралады. Тіпті Лукашенконың Ватиканға болған сапарында Рим Папасы ХVI Бенедиктпен өткен кездесуде еріп жүрген.

Телеарнадан Коляның өзімен жасты балалармен ойнап, сөйлесіп жүргенін көп көрмейсіз. Бірақ кейбір сәттерінен оның шоколадқа аллергиясы бар екенін, тағы бір видеода оның iPhone ұстап отырғаны көрінді. Ендігі бір көріністе ол президент әкесінің еске салуымен Ресей президенті Дмитрий Медведевке алтын жалатылған тапанша бергені үшін рақмет айтқан. Коля Лукашенко Армения президентімен келіссөздер кезінде де өзін байсалды ұстап, өте тыныш отырған.

КОЛЯНЫ ЕРТІП ЖҮРУ ПРЕЗИДЕНТКЕ НЕГЕ КЕРЕК?

Азат Еуропа/Азаттық радиосының тілшісі Александра Дынко кішкентай Коля арқылы президент Александр Лукашенко өзін мықты қорғаушы, адамгершілігі бар жетекші ретінде көрсеткісі келеді дейді:

«Ер адам кішкентай баланың жанында өте үлкен, мықты, тіпті сөйлегенде жұмсақ болып көрінеді. Президент кішкентай баласын өзінің адами қасиеттерін көрсету үшін жиі пайдаланып келеді. Ол оны “балақай” деп атайды, онымен қалай жаңа жылды қарсы алғандарын, президент сайлауы
Беларусь президенті Александр Лукашенко ұлы Николаймен бірге Республика сарайындағы салтанатқа келе жатыр. Минск, 21 қаңтар 2011 жыл.
науқаны кезінде теларнадан өткен теледебаттарды қалай қарағандарын айтып берді. Бұл президентті қоғамға ашық әрі қарапайым жан ретінде танытады. Бірақ, шынын айтқанда, ешкім де балаға назар аударып жатқан жоқ. Қоғамда ол туралы қандай да да бір нақты көзқарас қалыптаспады».

Жақында ғана Коля әкесімен бірге қаңтар айындағы қайта сайланған Беларусь президентін ұлықтау салтанатына қатысты. Өзіне шап-шақ қана костюм киіп алған ұл бала әкесі Лукашенкомен қол ұстасып, Минск қаласындағы Республика сарайына бірге кірді. Лукашенко Коляны өз орнына отырғызып, одан кейін ғана мінберге көтерілді.

Бірақ бақылаушылардың айтуынша, Лукашенконың үзеңгілестері президенттің кішкентай ұлын жанынан тастамай жүргенін онша қолдамайды.

Бұл тұрғыда Лукашенконың өмірбаянын жайлы жазылған «Саяси портрет» деген кітаптың авторы Валерий Карбалевичтің сөзіне қарағанда, Беларусь жетекшісінің кеңесшілері Коляның көпшілікке қайта-қайта көріне бермеуі керектігін айтқан. Оның айтуынша, қоғам Коляның президентпен бірге телеарнаға шыққанын, әсіресе ресми кездесулерде отырғанын оң қабылдамаған.
XS
SM
MD
LG