Accessibility links

Алматы мен Астанадағы «Мәңгілік полк» шеруі

Алматы мен Астанада өткен «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.

Бұл шеру екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Отан қорғауға қатысқан аға буынға деген құрметтің бір түрі. Шеруге қатысушылар қолдарына майдангер ата-әжелерінің суреттерін ұстап шықты.

Алматыда 9 мамыр – Жеңіс күні осымен қатарынан екінші жыл ұйымдастырылған «Мәңгілік полк» шеруіне мыңдаған адам қатысты. Алматы әкімдігі акцияны өткізуге биыл да рұқсат беріп, шеру өтетін бағытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көлік қозғалысын шектеді. «Мәңгілік полк» акциясы бүгін Астана қаласында да өтті.

Соңғы деректер бойынша, екінші дүниежүзілік соғыс жылдары (1939-1945) 50 миллионнан астам адам қаза тапқан, олардың 27 миллионы – СССР азаматтары.

Тағы

XS
SM
MD
LG