Accessibility links

Босния бюрократиясы: сандар сөйлейді


Босния полицейлері үкіметке наразылармен қақтығыс кезінде отқа оранған әкімшілік ғимараттарға қарап тұр. Сараево, 7 ақпан 2014 жыл.
Босния полицейлері үкіметке наразылармен қақтығыс кезінде отқа оранған әкімшілік ғимараттарға қарап тұр. Сараево, 7 ақпан 2014 жыл.

1995 жылғы Дейтон келісімінен соң Босния мен Герцеговинада бейбітшілік орнаған еді. Бірақ келісім негізінде құрылған ерекше жүйеде пайда болған бюрократия қазір елдегі тәртіпсіздіктерге себепкер ретінде сынға ілінді.

1995 жылы Дейтон келісіміне қол қойғаннан бері, Босния-Герцеговинада бейбітшіліктің нәзік жібі үзілмей келеді. Бірақ келісім негізінде құрылған ерекше жүйе бюрократиялық қоғам орнатты, оған кейбіреулер елдегі тәртіпсіздіктерді айыптайды.

Бір мемлекет – Босния-Герцеговина. 1992 жылы бұрынғы Югославиядан тәуелсіздік алған мемлекет, негізгі үш этникалық топ (босниялықтар, сербтер, хорваттар) қатысқан үш жылдық соғыс нәтижесінде күйреп, құлдырап кетті.

Екі құрылым – мұсылмандар басым Хорват-мұсылман федерациясы негізінен босниялықтар (босния мұсылмандары) мен хорваттардан тұрады. Серб республикасында босниялық сербтер көп. Елдің солтүстік-шығысында Брчко округі деп аталатын шағын, өзін-өзі басқаратын аймақ орналасқан.

Бес президент – мемлекеттік деңгейде алғанда әр үлкен этникалық топтың бір президенті бар. Олардың әрқайсысы сегіз айда бір билікті қолына алады. Оған қоса, Мұсылман-хорват федерациясы мен Серб республикасы өз бөліктерін басқару үшін жеке президент сайлайды.

Босния мен Герцеговина парламенті ғимараты алдындағы наразылық жиыны. Сараево, 14 ақпан 2014 жыл.
Босния мен Герцеговина парламенті ғимараты алдындағы наразылық жиыны. Сараево, 14 ақпан 2014 жыл.
10 округ – Мұсылман-хорваттық федерация федералдық жүйеге бөлінген, онда 10 округ бар. Серб республикасы бір орталыққа бағынады.

127 саяси партия тіркелген – 2014 жылдың қазанында келесі бүкілхалықтық сайлау өтуі тиіс.

136 министрлік – министрліктер жалпыұлттық және құрылымдық деңгейде қызмет етеді.

422 еуро – 2013 жылдың қараша айындағы дерек бойынша елдегі орташа жалақы мөлшері.

551 мың 456 жұмыссыз тіркелген – 2013 жылдың қарашасындағы дерек бойынша жұмыссыздық деңгейі 45 пайызды құрады.

1991 жылмен салыстырғанда 585 мың 411 адамға азайған – халықтың көбі босниялық соғыс кезінде елден кетіп қалды, тағы біразы өзге елдерге қоныс аударды.

566 мың 25 адам салыстырмалы түрде алғанда кедейлікте өмір сүреді.

Наразылық акциясында тұрғандар. Сараево, 15 ақпан 2014 жыл.
Наразылық акциясында тұрғандар. Сараево, 15 ақпан 2014 жыл.
627 мың 978 зейнеткер – 2014 жылдың қаңтар айында Мұсылман-хорват федерациясында зейнетақының орташа деңгейі 187 еуро, ал Серб республикасында - 170 еуро болды.

3 миллион 791 мың 622 адам – тұрғындардың үштен екісінен сәл аз бөлігі – 2 миллион 371 мың 603 адам Мұсылман-хорват федерациясында; 1 миллион 326 мың 991 адам Серб республикасында; 93 мың 28 адам Брчко округінде тұрады.

Дереккөздер: Босния министрлігінің сайты; Босниялық орталық сайлау комиссиясы; Босния мен Герцеговина статистикалық агенттігі; Федералдық зейнетақы және мүгедектердің сақтандыру институты; Серб Республикасының зейнетақы және мүгедектік бойынша сақтандыру қоры; Адам құқығы мен босқындар ісі жөніндегі министрлік.

Найда Скрбич мақаласын аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG