1986 жылы 26 сәуірге ауған түні болған апаттың зардабын жоюға қатысқан Чернобыль АЭС-інің үш инженері 30 жыл өткен соң станцияға оралды. Аркадий Усков пен Алексей Бреус бұрын да бірнеше рет келген, ал Александр Черанев өзінің бұрынғы жұмыс орнынан 30 жыл ішінде бірде-бір рет келмеген. Азаттық тілшілері инженерлермен бірге жарылған 4-реактордың жанында орналасқан 3-блоктың басқару тақтасына кірді.
ЧАЭС инженерлері. 30 жылдан соң
![Александр Черанев 30 жылдан кейін өзі бұрын аға инженер болып жұмыс істеген турбинаны басқару пультіне бірінші рет бас сұқты. 1986 жылы 26 сәуір күні оны үйінен станцияға таңғы сағат бесте шақырған. "Есіме түсіргім келмейді. Сол күні апат зардабын жоюға кіріскенімізді емес, кейіннен достарымыздың өле бастағанын есіме алғым келмейді" дейді ол. ](https://gdb.rferl.org/3d3df121-b197-4ae0-ba15-8b1063fa3086_w1024_q10_s.jpg)
1
Александр Черанев 30 жылдан кейін өзі бұрын аға инженер болып жұмыс істеген турбинаны басқару пультіне бірінші рет бас сұқты. 1986 жылы 26 сәуір күні оны үйінен станцияға таңғы сағат бесте шақырған. "Есіме түсіргім келмейді. Сол күні апат зардабын жоюға кіріскенімізді емес, кейіннен достарымыздың өле бастағанын есіме алғым келмейді" дейді ол.
![Чернобыль АЭС-інің "алтын дәлізі". Бұл дәліз барлық блоктарды, соның ішінде жарылған 4-бөлімді де басқа блоктармен жалғайды.](https://gdb.rferl.org/6e6b3205-c9b0-4c6c-b614-2b4823f066f4_w1024_q10_s.jpg)
2
Чернобыль АЭС-інің "алтын дәлізі". Бұл дәліз барлық блоктарды, соның ішінде жарылған 4-бөлімді де басқа блоктармен жалғайды.
![3-блокты (БЩУ-3) басқару тақтасы.](https://gdb.rferl.org/be0b2144-1549-4680-9161-f504a906b326_w1024_q10_s.jpg)
3
3-блокты (БЩУ-3) басқару тақтасы.
![Блок 2000 жылы толық тоқтатылған, сондықтан мұндағы жабдықтардың көбі өшіп тұр. ](https://gdb.rferl.org/98069985-b11c-494e-922e-2a36ffedf16f_w1024_q10_s.jpg)
4
Блок 2000 жылы толық тоқтатылған, сондықтан мұндағы жабдықтардың көбі өшіп тұр.
![Сельсиндер. Бұл құралдар "жұтушы діңгектердің" белсенді зонаға қаншалықты терең батырылғанын көрседі. Олар - реакторды басқару кезінде негізгі қызметті атқаратын құрылғының бірі. ](https://gdb.rferl.org/59658811-a6c0-4dba-b2cc-3d994d25fdd7_w1024_q10_s.jpg)
5
Сельсиндер. Бұл құралдар "жұтушы діңгектердің" белсенді зонаға қаншалықты терең батырылғанын көрседі. Олар - реакторды басқару кезінде негізгі қызметті атқаратын құрылғының бірі.
![РБМК реакторы "діңгектерінің" орналасу реті жарылысқа себеп болған. ](https://gdb.rferl.org/8cffe125-9be4-4bdc-9723-02416b62008d_w1024_q10_s.jpg)
6
РБМК реакторы "діңгектерінің" орналасу реті жарылысқа себеп болған.
![Алексей Бреус апаттан соң блокты басқаратын таңғы ауысымның аға инженері болған. "Атомшылар үлкен жұмыс атқарды. Сутегі жарылысын болдырмау үшін жабдықтағы тетіктерді бұрау керек еді. Сол жұмысты атқарған оператор қаза тапты" дейді ол.](https://gdb.rferl.org/63ff17ca-faaf-4e40-8939-1f2e4dabd3f6_w1024_q10_s.jpg)
7
Алексей Бреус апаттан соң блокты басқаратын таңғы ауысымның аға инженері болған. "Атомшылар үлкен жұмыс атқарды. Сутегі жарылысын болдырмау үшін жабдықтағы тетіктерді бұрау керек еді. Сол жұмысты атқарған оператор қаза тапты" дейді ол.
![Александр Черанев "көп нәрсені ұмытып қалыппын" дейді.](https://gdb.rferl.org/5ae1a6bb-6a13-4d5d-b579-caeb48c2e23f_w1024_q10_s.jpg)
8
Александр Черанев "көп нәрсені ұмытып қалыппын" дейді.
![Ауысым басшысы отыратын жердегі блоктардағы жұмысты бақылауға мүмкіндік беретін монитор.](https://gdb.rferl.org/c6657297-b5fb-4b6c-a4bc-979394b0b65e_w1024_q10_s.jpg)
9
Ауысым басшысы отыратын жердегі блоктардағы жұмысты бақылауға мүмкіндік беретін монитор.
![Аркадий Усков Чернобыль АЭС-інің 1-блогында жұмыс істеген. Бірақ оны түнде жарылған 4-блок қызметкерлеріне көмекке шақырған. Ол реакторға су айдайтын құбырларды өз қолымен ашқан. "Алдымда үңірейген шыңырау жатқандай болды, будың ысылдаған қысымы білінді, тіктеп қарауға жан шыдамайтын жағдай, бірақ тастап тағы кете алмайсың" дейді ол.](https://gdb.rferl.org/3f15edd3-a7b6-4f32-b892-b62485484f16_w1024_q10_s.jpg)
10
Аркадий Усков Чернобыль АЭС-інің 1-блогында жұмыс істеген. Бірақ оны түнде жарылған 4-блок қызметкерлеріне көмекке шақырған. Ол реакторға су айдайтын құбырларды өз қолымен ашқан. "Алдымда үңірейген шыңырау жатқандай болды, будың ысылдаған қысымы білінді, тіктеп қарауға жан шыдамайтын жағдай, бірақ тастап тағы кете алмайсың" дейді ол.
![Блокты басқаратын аға инженердің жұмыс орны. ](https://gdb.rferl.org/141d8c3e-70d4-4aa7-b9e9-f974d8865363_w1024_q10_s.jpg)
11
Блокты басқаратын аға инженердің жұмыс орны.
![Блокты басқаратын аға инженердің жұмыс орнында тұрған, қызметкерлермен хабарласатын телефон.](https://gdb.rferl.org/97f8ed1c-51ab-4c6c-aa4f-0fe44f71252c_w1024_q10_s.jpg)
12
Блокты басқаратын аға инженердің жұмыс орнында тұрған, қызметкерлермен хабарласатын телефон.
!["Соңғы түймені мен 26 сәуір күні кешкі сағат 16:00-де бастым. Ол 4-блоктағы оператор басқан ең соңғы кнопка болды".](https://gdb.rferl.org/c7c8876d-2d68-446e-b6f3-fa70802d9020_w1024_q10_s.jpg)
13
"Соңғы түймені мен 26 сәуір күні кешкі сағат 16:00-де бастым. Ол 4-блоктағы оператор басқан ең соңғы кнопка болды".
ПІКІРЛЕР