Accessibility links

Қытай енді өз тұтынушыларына сүйенеді


Дүкенге кезекке тұрған халықты полиция тежеп тұр. Пекин, 13 қаңтар 2012 жыл.
Дүкенге кезекке тұрған халықты полиция тежеп тұр. Пекин, 13 қаңтар 2012 жыл.

Шетелдік басылым Қытайда ішкі тауарларға сұраныстың артқаны туралы мақала басты. Автор Қытай тұтынушыларының қандай тауар алатынын зерттеген.

The Washington Post басылымына 2013 жылы қаңтардың 1-і күні шыққан мақаланың авторы - Ольга Хазан.

ҚЫТАЙ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНА ТӘН 10 «ҚҰБЫЛЫС»

Автор мақаласын «Қытайдың құлдыраған экономикасы 2013 жылға қарай тұрақтанады» деп бастайды. «Сарапшылардың болжауынша, экономиканың өсуіне тұтынушылар шығынының артуы ықпал етеді. Бұл - Қытай үкіметі үшін жақсы жаңалық, олар басқа елдерде қытай тауарына деген сұраныстың азайғанын байқап, бірнеше жылдан бері экономиканы өз тұтынушылары арқылы өркендетуді мақсат етіп отыр» деп жазады Ольга Хазан.
Дүкенде жүрген адам. Қытай, 19 қыркүйек 2008 жыл.
Дүкенде жүрген адам. Қытай, 19 қыркүйек 2008 жыл.

Автор Associated Press басылымының да мәліметтерін келтіре кеткен: «Коммунистік партия соңғы бес жылдық даму жоспарында, яғни 2010 жылдан 2015 жылға дейін электронды коммерция көлемін төрт есе арттыруды, оны 18 триллион юаньге (2,9 триллион АҚШ доллары) ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қытай тұтынушылары туралы жаңа баяндаманың қорытындысы бойынша, олар бұл тауарларды сатып алуға дайын».

Әлеуметтік БАҚ пен Қытай инвестициялық корпорациясының зерттеулері бойынша, Қытай тұтынушыларына тән 10 «құбылыс» анықталған. Тұтынушылар негізінен көне бұйымдар мен жаңа тауарларға, кино сияқты демалу шаралары мен жоғары сапалы өнімге ақша жұмсайды. Қытай тұрғындары АҚШ тұтынушыларына ұқсап келеді, бірақ қытайлықтарға тән қасиетін сақтап қалған».

ТӨРТ «ҚАСИЕТ»

Автор сарапшылар зерттеуіне сүйене келіп, тұтынушы сұранысын төмендегідей топтарға жіктеген:

1. Органикалық тағамдарға ұмтылу.

Тұтынушылар қауіпсіздік үшін көбірек шығындалуға дайын: «Қытай азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі тұрғысынан мақтана алмайды, олар тұтынушы мүддесін шетке ысырып тастаған. Адамдардың көбі сақтық үшін бағасы қымбат болса да органикалық тағамдар сатып алуға тырысады».

Сондықтан соңғы кезде микроблогтарда жол қауіпсіздігі мен азық-түлік қауіпсіздігі туралы хабарламалар көбейіп кетті. Мысалы, Хубэй провинциясының Ухань қаласының тұрғыны Интернетке @ Hezheng 55234175 деген атпен мынадай жазба қалдырған: «Ішкі сұранысты арттырудың жалғыз жолы – жергілікті азық-түліктің қауіпсіз екеніне жұрттың көзін жеткізу. Көпшіліктің қауіпсіз тағам тұтынуына жағдай жасаңыз, сонда олар (қытайлық тауарды) сеніммен сатып алатын болады».

Қытайдағы жұрт көбінше автокөлік пен жеке мүлкін сақтандыруға ұмтылса, сайттар адамдарды бұзылған улы тағамды «терезеден лақтырып жіберіңіз» деп үгіттейді.

2. «Тамақсаулық» пен «зиялы шаралар».

Автордың пайымдауынша, «Экскурсиялар мен спектакльдер, концерттер мен фильмдер тек ақсүйектерге арналмаған, қытайда «зиялы» қауымға арналған мәдени шаралар да арта түсті».
Грейпфрут жемісінің үстінде жатқан адам. Хубэй провинциясы, Ухань қаласы, 15 қараша 2012 жыл.
Грейпфрут жемісінің үстінде жатқан адам. Хубэй провинциясы, Ухань қаласы, 15 қараша 2012 жыл.

«2011 жылдың соңынан бастап Үлкен Шанхай театры айдың әр үшінші жексенбісінде билет құнын арзандатады. Бұл күнгі қойылымдар түрлі жанрларды қамтиды. 2012 жылдан бастап бұл билеттерді сатып алуға ынталы тұрғындар ұзын кезекке тұратын болды. Зиялы шаралардан бөлек, Қытайда гурмандар да көбейіп келеді» деп жазады автор.

Қазіргі кезде алдына дәмді ас келгенде таяқшасын суырып алатындардан гөрі, тамақты суретке түсіріп, оны Weibo-ға (қытайлық микроблог қызметі) салып жіберетіндер көбейген.

3. Бойдақтардың шығыны.

Автор «зерттеу көрсеткендей, Қытайда бойдақтар көп ақша шығындайды» деп жазады.

«Қытайда әулие Валентин күніне ұқсайтын «Бойдақтар күні» деген мереке бар. Бұл шараны 1990 жылдары студенттер бастаған. Содан бері дамып, қазір бұл онлайн сауданың өркендеуіне ықпал етіп отыр».

«Бұл - біз үшін өте маңызды күн» дейді Ольга Хазанға сұхбат берген Tmall электронды коммерция платформасының вице-президенті Стив Ванг.

Стив Ванг «Смартфон-ұсыныс арқылы жалғызбасты жандар бірін-бірі таба алады. «WeChat» деп аталатын қызмет 2011 жылы пайда болды. Оны тұтынушылардың саны өткен жылдың қарашасында 50 миллионнан асты» дейді.

4. Өткен күндерді аңсайтындар шығыны.
Интернет-кафеде отырған тұрғындар. Қытай, 30 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Интернет-кафеде отырған тұрғындар. Қытай, 30 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Автор «Америкалық тырысқақ шалбарлар бір қарағанда арзан көрінгенімен, бағасы әжептәуір қымбат. «Жауынгер етігі» сияқты киімдер 1980 жылдары «жұмысшы табының киімі» ретінде танымал болды. Қазіргі қытай жастары оған Маоның суретін салып киеді. Соңғы жылдары Sina және Tencent микроблогтарында «ретро» және «ностальгия» деген сөздер жиі кездеседі. 2012 жылы «ретро» сөзі 2011 жылмен салыстырғанда он есе көп қолданылған» деп жазады.

Қытай рыногын зерттеу тобының дерегіне қарағанда, «тұрмысы орташа тұрғындардың бәрі ауқаттылардың қатарына қосылудан үміттенеді».
XS
SM
MD
LG