Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

11:38 4.3.2021

Украинада бір күнде 3,5 мыңға жуық науқас ауруханаға түсті. Қытай вакцинасы кешігіп жатыр

Украинада бір күнде 3 486 адам коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті. Бұл індет басталғалы бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Ресми тұлғалар қытайлық Sinovac компаниясы әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаның кешігіп жатқанын хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Максим Степанов 3 наурыз күнгі жиында соңғы 24 сағат ішінде 7 235 адамнан коронавирус анықталғанын, 185 адам қайтыс болғанын айтты. Елде коронавирус жұққандар 1,3 миллион адамға жеткен, 26 мыңнан астамы қайтыс болған. Екі күн бұрын министр Sinovac вакцинасын елге жеткізу кешіктірілуі мүмкін деп мәлімдеген. Ол сейсенбі күні министрліктің жұмысына қатысты "лас ақпараттық шабуыл" өзге де вакцина шығарушылармен келіссөзге кедергі келтіріп жатқанын айтқан.

Бұған дейін жемқорлықпен күрес бюросы қытайлық Sinovac вакцинасын елге жеткізуді мойнына алған жергілікті делдал компаниясымен жасалған келісім-шартқа байланысты тергеу бастаған. Белсенділер құжаттың тым қымбат екенін алға тартқан. Степанов министрлікке бағытталған сындарды терістеген.

09:28 4.3.2021

Коронавирус пен пневмонияға шалдыққандар 850-ге көбейді, 11 адам қайтыс болды

Қазақстанда тағы 804 адамға коронавирус жұққаны белгілі болды. Олардың ПТР тесті оң шыққан. Тағы 46 адам коронавирус пневмониясына (ПТР тесті теріс шыққан, клиникалық белгілер бойынша Covid диагнозы қойылғандар) шалдыққан. 11 адам өлімі тіркелген: 6 адам - коронавирустан, 5 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады.

Сәрсенбі күні Алматыда ПТР тесті оң шыққан - 121 науқас, Павлодар облысында - 81, Ақмола облысында - 51, Нұр-Сұлтанда - 84, Батыс Қазақстан облысында - 72, Қостанай облысында - 61, Алматы облысында - 64, Шығыс Қазақстан облысында - 34, Қарағанды облысында - 54, Атырау облысында - 21, Солтүстік Қазақстан облысында - 39, Қызылорда облысында - 10, Шымкентте - 52, Ақтөбеде - 23, Маңғыстау облысында - 10, Жамбыл облысында - 15, Түркістан облысында 12 науқас тіркелген.

2020 жылдың наурыз айынан бері 215 610 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Сол уақыттан бері 2 783 адам қайтыс болған. 199 600 адам жазылған.

Қазақстан билігі пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрін 2020 жылдың 1 тамызынан бері есепке ала бастаған. Оған дейін қанша адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны белгісіз. Содан бері 49 418 адам осы ауруға шалдыққан. 42 957 адам жазылған. 635 адам қайтыс болған.

Қазір 19 053 адам коронавирустан емделіп жатыр. 13 227-інің коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен. 237 адамның жағдайы ауыр, 45 пациенттің жағдайы өте ауыр. 51 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 115 млн 128 мыңнан асты. 65 млн 99 мың адам жазылған. 2 млн 558 мың науқас қайтыс болған.

21:20 3.3.2021

Коронавирус: Әлемдегі жағдай қандай?

  • АҚШ президенті Джо Байден "мамырдың соңында бізде елдегі әрбір ересек адамға жететіндей екпе болады" деп мәлімдеді. АҚШ қазір Pfizer, Moderna және Johnson & Johnson екпесін мақұлдаған. Бұл елде қаңтардың ортасынан бері вирус жұқтырғандар 70 пайызға, қайтыс болғандар 40 пайызға азайды. Қазір елде күніне 70 мыңдай адамнан вирус анықталып жатыр.
  • Еуропа елдерін коронавирустың британиялық мутациясы әуреге салып жатыр. Бұл мутация өте жылдам тарайды. Швеция, Словакия, Чехия елде карантинді күшейтіп жатыр.
  • Бразилияның Манаус қаласынан шыққан штамм кем дегенде 20 елден анықталған. Бразилияның өзінде 2 наурызда індеттен 1641 адам қайтыс болды. Бұл елде пандемия басталғалы бір күнде мұнша өлім тіркелмеген.
  • Бразилиялық мутацияға қазіргі екпелер қарсы тұра алатыны я алмайтыны белгісіз. Бұл штамм Оңтүстік Африка мутациясына ұқсас.
  • Сауд Арабиясының билігі қажылық пен умраға екпе алған адамдарды ғана кіргізбек.
  • Украина президенті Владимир Зеленский коронавирусқа қарсы екпе алғанын жариялады.
  • Гана елі ДДСҰ ұсынған COVAX бағдарламасы аясында екпе науқанын бастады. COVAX – кедей елдерге арналған әлемдік вакцина бағдарламасы.
  • Нигерия COVAX бағдарламасы аясында 4 миллион, Конго республикасы 1,7 млн, Ангола 624 мың, Гамбия 36 мың доза екпе алды.
  • Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 114,7 млн адамнан асты. Шамамен 64,8 млн адам айыққан, 2,54 адам қайтыс болған.
  • Кейінгі айда әлемде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді.
09:43 3.3.2021

Қазақстанда коронавирус пен пневмонияға шалдыққандар 782 адамға көбейді

Қазақстанда тағы 717 адамға коронавирус жұққаны белгілі болды. Олардың ПТР тесті оң шыққан. 65 адамға коронавирус пневмониясы (ПТР тесті теріс шыққан, клиникалық белгілер бойынша Covid диагнозы қойылғандар) диагнозы қойылған. 7 адам өлімі тіркелген: 5 адам - коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады.

Сейсенбі күні коронавирус жұққаны тестпен расталғандар бойынша Алматыда - 105, Павлодар облысында - 69, Ақмола облысында - 69, Нұр-Сұлтанда - 68, Батыс Қазақстан облысында - 64, Қостанай облысында - 61, Алматы облысында - 51, Шығыс Қазақстан облысында - 49, Қарағанды облысында - 46, Атырау облысында - 35, Солтүстік Қазақстан облысында - 25, Қызылорда облысында - 14, Шымкентте - 12, Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарында әрқайсында - 12, Жамбыл облысында - 9, Түркістан облысында 6 науқас тіркелген.

2020 жылдың наурыз айынан бері 214 806 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Сол уақыттан бері 2 777 адам қайтыс болған. 198 726 адам жазылған.

Қазақстан билігі пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрін 2020 жылдың 1 тамызынан бері есепке ала бастаған. Оған дейін қанша адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны белгісіз. Содан бері 49 372 адам осы ауруға шалдыққан. 42 741 адам жазылған. 630 адам қайтыс болған.

Қазір 19 304 адам коронавирустан емделіп жатыр. 13 303-інің коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен. 243 адамның жағдайы ауыр, 42 пациенттің жағдайы өте ауыр. 47 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 114,7 млн адамнан асты. Шамамен 64,8 млн адам айыққан, 2,54 адам қайтыс болған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG