28 наурызда Қабарда-Балқар республикасы тұрғындары балқарлардың жаңғыру күнін атап өтті. 1944 жылғы наурызда совет өкіметінің шешіммен Қазақстан мен Қырғызстанға күштеп жер аударылған балқар халқы тек 13 жылдан кейін атамекеніне қайта оралуға рұқсат алған. Ресей құрамындағы Қабарда-Балқар автономиялық республикасы президентінің 1994 жылғы 25 наурыздағы жарлығымен 28 наурыз - балқар халқының жаңғыру күні ретінде ресми мереке болып белгіленген. Азаттық Нальчиктегі мерекеден фотограф Ахмат Байса түсірген суреттерді ұсынады.