Украина күштері елдің шығысындағы бірнеше қалада үкімет ғимараттарын басып алған ресейшіл сепаратистік топтарға қарсы "антитеррорлық" операцияларын жалғастырып жатыр.
3 мамыр күні үкімет әскері қоршауға алған Славянск қаласының маңында қақтығыстар болғаны туралы ақпарат бар.
Славянскіге жақын Краматорск қаласында сенбіде үкімет әскері ресейшіл топ басып алған қауіпсіздік қызметінің ғимараты мен телемұнараны қайтарып алған. Ал Луганск қаласында ресейшіл сепаратистер қауіпсіздік қызметінің кеңсесін басып алған.
Мариуполь мен Константиновка қалаларында да атыс болғаны хабарланды.
Украинада соңғы үш күнде қақтығыстардан 50-ден астам адам мерт болған.
Құрбан болғандардың көпшілігі 2 мамыр күні портты Одесса қаласында ресейшіл белсенділер мен Украинаның тұтастығын қолдап шеруге шыққандар арасындағы қақтығыстардан мерт болған. Бұл күні екі жақ арасында қақтығыс қаладағы бес қабатты Кәсіподақтар үйі ғимаратында өртке ұласқан.
ВИДЕО: 2 мамыр күнгі Одессадағы қақтығыс
«Украинская правда» басылымының хабарлауынша, Кәсіподақтар үйі жағынан қарудан атқан дыбыстар естілген, ізінше ғимаратта өрт тұтанған. УНИАН агенттігі бес қабатты ғимараттың екінші және төртінші қабатында өрт шыққаны туралы хабарлады. Кейбір ақпараттар бойынша, ғимараттан «Украинаның тұтастығы үшін» шеруіне шыққандарға қарата оқ атылған.
Сенбі күні Украина ішкі істер министрлігі кемінде 37 адамның қаза болғанын, олардың кейбірі өрт кезінде ғимараттан секіріп, кейбіреулер түтіннен тұншығып мерт болғаны жайлы ақпарат таратты. Министрліктің дерегі бойынша, қала ауруханаларына түрлі дәрежедегі жарақат алған 170-тен аса адам түскен.
Одессадағы қырғын - ақпан айында президент Виктор Януковичті биліктен тайдырып, 80-нен астам қаза тапқан Киевтегі наразылық шеруі кезінен бергі адам шығыны көп болған алғашқы оқиға.
Ресей үкіметінің өкілі қазіргі жағдайда Украинада 25 мамырға белгіленген президент сайлауын өткізу "ақылға сыймайтын іс" деп айтты.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлескен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Мәскеу егер ресейшіл сепаратистерге одан ары қолдау көрсете берсе, санкциялар күшейетінін тағы ескерткен.
3 мамыр күні Славянскіде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) жеті әскери бақылаушысы тұтқыннан босатылды. Оларды 25 сәуір күні ресейшіл сепаратистер "тыңшылық жасап жүр" деген желеумен ұстаған еді.