Грузияның жазалау, пробация және заңдық көмек министрі Хатуна Калмахелидзе отставкаға кетті. Бұған Тбилисидің 8-түрмесіндегі сотталушыларды азаптау сәті көрсетілген видео себеп болды.
«Түрмеде болған оқиға үшін қоғам алдында жауапкершілігімді сезінгендіктен мен осындай шешім қабылдадым» деп жазылған Хатуна Калмахелидзенің Facebook парақшасында.
ДАУЛЫ БЕЙНЕЖАЗБА
Сейсенбі, қыркүйектің 18-і күні кешке «Маэстро» және «ТВ-9» телеарналары Тбилисидегі 8-түрме ішінде жасырын камерамен түсірілген бейнематериал көрсеткен еді. Онда түрме қызметкерлері сотталғандарға жасаған зорлық-зомбылық әрекеттері анық көрінген.
Бейнетүсірілімде түрме қызметкерлері жаңа түскен сотталушыларды тепкілеп, резеңке дубинкамен зорлағаны бейнеленген. Телеарналардың ақпаратына қарағанда жазбаны түрменің бұрынғы қызметкері Владимир Бедукадзе жасырын түсірген. Жазбаны телеарналарға таратып жіберген ол қазір Брюссельде.
Бұл жайтқа қатысты Грузияда жаппай қоғамдық наразылық шаралары өтіп жатыр. Бейнематериал көрсетілген сейсенбінің кешінен бері Тбилиси, Батуми, Поти және Гори қалаларында қарсылық жиындары өтті. Қоғам белсенділері және оппозициялық саясаткерлер қылмыстық-атқару жүйесі басшылығының отставкаға кетуін талап етті.
- Бұл түрмедегі азаптың алғашқысы емес. Біз жыл сайын осындай мәлімет алып отырамыз. Тек өткен бір жылдың ішінде осыған ұқсас 140 оқиға тіркелген, сондықтан бұл - өте қорқынышты тенденция, - дейді грузиялық «Либерали» журналының бас редакторы Шорена Шавердашвили.
Грузияның ішкі істер министрлігі 8-түрменің 3 қызметкері қамауға алынғанын хабарлады. Бірақ «Грузия арманы» атты оппозициялық топтар коалициясы бұған да қанағаттанбайтынын мәлімдеді. «Саакашвилидің үкіметі түрмедегі грузин халқын азаптап жатыр» деген сияқты айыптаулар естілді.
Грузия президенті Михаил Саакашвили қыркүйектің 19-ы Глдан түрмесіндегі азаптауға қатысы барлар «қатаң жазаға лайық» деп мәлімдеді.
"Глдан түрмесінде болған оқиға адамның абыройы мен құқығына қарсы жасалған әркет. Бұған қатысы бар және осыған жол бергендердің барлығы қатаң жазаға лайық. Полиция бұл сұмдықты жасағандардың көпшілігін қамауға алды, қалғандары да әділ сот алдында жауап береді. Бұл фактіге жол бермеуге жауаптылар қызметтерінен кетеді, ал мұны жасағандар көп жыл түрмеде отырады, мен сіздерге сөз беремін, - деді Михаил Саакашвили.
Саакашвили үкіметі 8-түрмедегі бұл азаптауды ұйымдастырған қызметкерлер Тамаз Тамазашвилидің тапсырсын орындауы мүмкін деген болжам айтады. Тамазашвилидің ұлы оппозициялық «Грузия арманы» блогының белді мүшесі. Оның үстіне Тамаз Тамазашвили оппозиция жетекшісі Бидзина Иванишвилидің жақын саяси серігінің қайын атасы.
Грузия полициясы түрмеден 17 мың АҚШ долларын және видео құрылғылар тапқанын хабарлады.
Бірқатар ақпарат құралдары таратқан мәліметке сәйкес дәл осы Тбилисидегі 8-түрме 2011 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша үздік қамау орны деп танылған болатын.
«АЗАПТАУ БОЛҒАН, ӘЛІ ДЕ БОЛА БЕРЕДІ»
Қазақстандағы адам құқықтары бюросының қызметкері Андрей Гришин жергілікті түрмелердегі азаптаулар Грузиядағыдан кем емес деп ойлайды.
- Таң қалдырғаны – Грузияда сотталғандарды азаптау тәсілі емес, өкінішке қарай ондай жағдай көптің басында бар, соған қатысты реакцияға таң қалдым. Осы логикаға салсақ, біздегі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен ішкі істер министрі жаппай отставкаға кетуі тиіс. Бірақ қоғамдағы айырмашылық: Грузияда халық та, президент те бірігіп, қарсылық білдіреді. Ал бізде Нұрсұлтан Назарбаев не болып жатқандығынан мүлдем хабарсыз, ал халық ешнәрсеге селт етпейді. Сондықтан бізде азаптау болған, қазір де бар, бола да береді, - деді құқық қорғаушы.
Ол Қазақстанда да дәл осындай жаппай азаптау фактісі тіркеліп, арыздар көп түскенін айтады.
- Арызды жекелеген тұлғалар, ұйымдар мен коалициялар, халықаралық құқық қорғау ұйымдары да жазып жатыр. Бір мысал, біздің бюро қазір азаптауға ұшыраған отбасының ісімен айналысып жатыр. Алматының бір аудандық ішкі істер департаментінің тергеушілері бес жігітті 17 сағат бойы азаптап, қылмысты мойнына алуды талап еткен. Келіспеген біреуінің денесін ыстық үтікпен күйдірген. Факт тіркелген, суреттері бар, бірақ нәтиже жоқ. Соған қарағанда тиісті органдар бұл жайттарға назар аудармау туралы тапсырма алғандай, - дейді Андрей Гришин.
ЖЕТЕКШІСІ ЖОҚ ҚОЗҒАЛЫС
Қазақстан түрмелеріндегі сотталушылар құқығын жиі айтатын азаматтық белсенді Вадим Курмшин азаптаудың түрі жыл өткен сайын «көбейіп келеді» деп санайды. Грузияда көрсетілген жайттардың Қазақстанда да бар екенін, бірақ оған қарсы тұратын ешкімнің және жоқ екеніне қынжылады.
- 2010 жылы тамыз айында Гранитный түрмесіндегі сотталушылар азаптаулар мен коррупцияға жаппай қарсы шықты. Олар өздеріне жанар май құйып, барактардың төбесінде тұрды. Ол «түрмеге қарулы жасақтың қажеті жоқ, бізді өлтірмеңдер, тек бір нәрсені ғана талап етеміз» деді. Ол - бас прокуратура мен БАҚ өкілдерімен кездесу. Олар өздеріне жасалып жатқан зорлық пен түрме ішіндегі есірткі саудасын айтпақшы болды. Бірақ оларға ондай мүмкіндік берген жоқ. ОМОН кіріп, барлығын «сындырды», кейін сот болып, олардың жазасын күшейтті, - дейді Вадим Курамшин.
Бұдан бөлек 2010 жылы интернетте Қарағанды облысындағы Долинка түрмесінде мекеме қызметкерінің жазасын өтеушіні соққыға жығып жатқан сәтін көрсеткен бейнетаспа тарап кеткен еді. Көп ұзамай бейнежазбадағы соққыға жығылған тұтқын Евгений Карауш екендігі айтылды. Осы материалдан кейін прокуратура мен құқыққорғаушылар АК159/6 қатаң тәртіптегі түрме жағдайымен танысқан.
Тексерушілердің жасаған қорытындысымен келіспеген бір топ тұтқын маусым айында қарындарын тіліп, ауруханаға түскен еді.
Кейіннен осы әуесқой бейнежазбаны таспаға түсірген Максим Кожанов есімді тұтқынның жансыз денесі колония ішіндегі санитарлық бөлімде асылып тұрған жерінен табылды. Сол кезде түрме басшылығы даулы бейнетаспаға қатысы болған «сотталушы қосымша жазаға ұшыраудан қорқып өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін» деп жорамал жасаған. Алайда адам құқығын қорғаушылар бұл пікірмен келіспейді.
Қарағанды облыстық прокуратурасы «бейнежазбаға түскен адамдардың бәрі тұтқындардың өздері, олардың біреуіне түрме қызметкерлері таяқ пен қызмет киімін беріп, әртіс қып ойнатқан» деп мәлімдеген болатын.
Қазақстанда «Долинка видеосынан» бөлек ресми билік орындары түрме ішінде түсірілген қандай да бір басқа бейнежазба бойынша растап мәлімдеме жасаған емес.
- Неге реакция жоқ? Себебі кез-келген қарсылық қозғалысында өзінің жетекшісі болуы қажет. Ал біздегі азаптауға қатысты қарсылық қозғалыстарының басында жүргендер арнайы қызметпен байланысы бар адамдар. Сондықтан олар нақты әрекетке бармайды. Ал билік азаптаулардың бар екендігін жақсы біледі. Біле тұра қарсылық білдірмейді, өйткені ол өздеріне қажет. Азаптау мен зорлық, қысым арқылы көпшілікті адамдарды қорқынышта ұстауға болады, - деді Вадим Курамшин.