Германия үкіметі «мұсылман және еврей қауымы Кёльн қалалық сотының жуырдағы шешіміне қарамастан сүндеттеу дәстүрін жалғастыра береді» деп ұйғарды.
Кёльн қаласындағы жергілікті соты биыл 26 маусымда «сүндеттеу адам денесіне ауыр жарақат салумен тең» деген шешім шығарған. Соттың шешімі бойынша, баланың жеке қауіпсіздігі туралы негізгі құқығы ата-анасының баланы діни дәстүр бойынша сүндеттеу құқығынан басым түседі. Оған қоса, сот ата-ана баланың өсіп, ер жетіп, сүндеттеу туралы шешімді өз еркімен қабылдауына дейін күтуі керектігін айтты.
Шешім Германияда және алыс-жақын шет мемлекеттерде біршама дүрбелең туғызды. Мұндай үкімді шығаруға төрт жасар мұсылман баланы сүндетке отырғызу оқиғасы түрткі болған. Хирургиялық операциядан соң баланың қаны тоқтамай қойған екен.
Неміс дәрігерлері Кёльн соты үкімі шыққан соң біраз уақыт балаларды сүндетке отырғызудан бас тартты. Еврей және мұсылман қауымы аталған сот шешіміне бірігіп қарсы шықты. Оған жауап ретінде Германия үкіметі оқиғаны заңдық тұрғыдан талдап, мән-жайды анықтауға уәде берді.
ЗАҢДАҒЫ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚ
Германияда баланы сүндеттеуге тыйым салатын заң жоқ және Кёльн сотының шешімі өзге аймақтағы соттар үшін міндетті емес. Алайда бұл шешім қазірдің өзінде заңдық қарама-қайшылық туғызып отыр. Германияның медициналық қауымдастығы дәрігерлерге діни дәстүр бойынша сүндеттеу операцияларын істің анық-қанығы белгілі болғанға дейін тоқтата тұруды айтты.
Германияда жүз мыңға жуық еврей мен төрт миллиондай мұсылман бар. Елдегі дәрігерлер сотталып кетуден қауіптеніп, сүндеттеу операцияларын тоқтатып отыр. Еврейлердің діни ұстанымы бойынша, нәресте дүниеге келген соң сегізінші күні сүндетке отырғызылады. 26 маусымдағы шешімнен кейін көптеген отбасы жаңа туған сәбилерін сүндетке отырғыза алмай қалды.
Германияда біраздан бері елде ислам дінінің қоғамдағы орны туралы талқылаулар жүріп жатыр. «Ислам діні неміс қоғамының бір бөлігі ме» деген сұрақ та қойылды. Қазір ол туралы пікірталас тек Германияда ғана болып жатқан жоқ. Еуропаның мұсылмандар көп шоғырланған өзге елдерінде, мысалы, Ұлыбритания мен Францияда әйелдердің хиджаб тағу-тақпауы – өзекті мәселе.
ҚАРСЫЛЫҚ ПЕН ҚҰПТАУ
Бірқатар неміс басылымдары Кёльн сотының шешіміне қолдау білдірді. Die Welt газеті: «Мұсылман балаларды сүндетке отырғызу да, қыздарды сүндеттеу де – жиіркенішті әрекет. Бұл – көнеден келе жатқан дене жарақаттау дәстүрі. Жәбірлеу құралы болғандықтан оған тыйым салу керек» деп жазды.
Берлиндегі «Хадиджа» мешіті имамдарының бірі Мохаммед Асиф Садик Британдық BBC агенттігіне «мешіт бұл пікірталасқа қатысудан бас тартады» деп мәлімдеген. Халықтың ашу-ызасын тудырғанын айта келіп, «Германия үкіметі алдағы уақытта барлық азаматтарға ортақ оңтайлы шешім шығарар» деді. Ол аталған үкімнің кесірінен сүндеттеу дәстүрі ешқандай жағдай қарастырылмаған үйлерде немесе шетелдерде жүзеге асуы мүмкін деп алаңдап отыр.
Сонымен қатар «төрт жасар бала өзін сүндеттеуге ешқандай келісім бермейді, өйткені ол жағдайды түсінетін жаста болмайды» деген сот уәжі де сынға ұшырады. Демек, аталған жағдайды ескерсек, қыздардың құлағын тесуі мен христиандардың шоқындыру дәстүріне де тыйым салу керек болады.
ҮКІМЕТ УӘДЕ БЕРДІ
Соттың үкімі Еуропадағы мұсылман және еврей қауымдарының арасында үлкен дүрбелең туғызып, олардың осы шешімге қарсы біріктірді. Өткен аптада Германиядағы, Бельгиядағы мұсылман және еврей бірлестіктері Берлинде бас қосып, Германияны ата-аналардың өз балаларын сүндетке отырғызу құқығын қорғауға шақырды. Олар өтініште «сүндетке отырғызу көнеден келе жатқан маңызды діни дәстүр» екенін жазды.
Израиль парламенті неміс елшісін шақырып, соттың шешімін түсіндіруді сұрады. Бұл мәселе немістің жоғарғы билігіне дейін жетті.
«Германияның юстиция министрлігі қазір соттың үкімін қарастырып жатыр. Ары қарай жаңа заңның мүмкіндіктерін пайдаланып, қолданысқа енгізу-енгізбеу шараларына байланысты қорытындыға келмек» деді министрліктің баспасөз хатшысы Мареке Аден ВВС агенттігіне берген сұхбатында. Алайда бұл біраз уақытқа созылады. Себебі бұл шешім негізгі конституциялық құқықпен астарласып жатыр дейді пікір айтушылар.
Германия канцлері Ангела Меркельдің баспасөз хатшысы Штефан Сайберттің айтуынша, бұл мәселе адамдардың негізгі бостандығы – діни-сенім бостандығын қорғауға қатысты. Ол «дұрыс жолмен жүзеге асқан сүндеттеуге тыйым салынбау керек» екенін айтып, «үкімет баршаға түсінікті заң енгізуді қолға алады» деп уәде берді.