Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезектері пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.