Accessibility links

"Қазақтан қайыршы неге көбейді?"


Қытай қазақтарының kultegin.com сайтының скриншоты. 12 қазан 2012 жыл.
Қытай қазақтарының kultegin.com сайтының скриншоты. 12 қазан 2012 жыл.
Қытайдағы қазақ сайттарының арасында осы аптада жиі жаңарған – kultegin.com мен senkazakh.com сайттары. Бұл сайттарда әлеуметтік мәселелер де көп жазылды.

СУРЕТКЕ НАМЫСТАНУ

«Күлтегін» сайты осы аптада «Қазақтан қайыршы неге көбейді?» деген тақырып қойып, Үрімжі қаласының орталық көшелерінің бірінде алақан жайып отырған ақ сақалды қария мен орта жастағы әйелдің суретін жариялады.

Алайда сайт оқырмандары бұл суретке намыстанып, «Бұл екеуі де қазақ емес... Тек ана шал қазақтың тақиясын киіп алған» деп қарсылық білдірді.

Осы сайттағы тағы бір мақала «Қазақ неге байымайды?» деп аталады. Автордың жазуынша, «Қазақтың жасайтын тойы көп – бірі қарыз алып той жасаса, екіншісі қарызданып сол тойға барады. Соның салдарынан бір айлығы екінші айлығына жетпеген қазақ өмір бойы қарызданып өтеді».

«ҚАЗАҚ» ПЕН «ҚАЗАҚТАР»

«Сен – қазақ» сайты осы аптадағы бас тақырыптарының бірі ретінде боксшы Қанат Исламның Майами (АҚШ) қаласындағы жеңісі туралы хабарды берген. Шағын ғана ақпаратта «Алғашқы жекпе-жегін 28 қыркүйекте өткізген Қанат осы күнге дейін төрт
Қытайдағы senkazakh.com сайтының алғашқы беті.
Қытайдағы senkazakh.com сайтының алғашқы беті.
жекпе-жек өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті. Қазір Қанат білікті маман Нельсон Лопестің қол астында жаттығып жүр» деп жазылған.

Сайт «Сүйінші хабар» айдарында «Қазақстан 2017 жылғы мамандандырылған әлемдік көрмені (EXPO- ред.) ұйымдастыру құқығын жеңіп алды. Бұл Орта Азиядағы елдердің тарихта тұңғыш рет әлемдік көрме өткізуі болмақшы» деп жазады.

Сондай-ақ «Америкада Орталық Азиядан келген студенттер саны өсе түсуде. Алайда жат елде олардың көпшілігі өз үкіметтерінің қолдауынан қағылған. Бұл тұрғыда тек Қазақстаннан келген студенттердің ғана артықшылықтары бар» деген шағын ақпаратты да осы сайттан көруге болады.

«Сен – қазақ» сайты оқырмандарының енді бірі: «Құтты болсын! Мемлекет құрушы һәм Қазақстан Республикасының түп иесі болып табылатын, Қазақстандағы бірден-бір ұлт – қазақтың өсімі 65 пайызға жетті» деген жаңалық айтады да, Қазақстанның өзінде бұл ұлттың атауын «қазақтар» деп көпше түрде айтатынына наразы болады.

«Қазақстандағы қазақтар» деген сөзге тіксініп қалдық. Сонда мемлекет құрушы халық Қазақстанды мекендейтін түрлі этностардың бірі болып қалған ба? Мәселен, «Қазақстандағы орыстар, кәрістер, ұйғырлар, түріктер, татарлар» деген сықылды. Бұл журналистің қателігі болар деп өзімізді жұбатпақ едік, іле жаңалық сюжетінен президенттің аузынан да «Қазақстандағы қазақтардың» деген сөзді тағы естідік. Амал кем!» дейді жазба авторы.
XS
SM
MD
LG