"МАЭК-тің түбіне жеттік". Маңғыстау халқын не күтіп тұр?
Маңғыстау облысындағы жүздеген мың адамның өмірі Ақтаудағы атом энергетика комбинатына (МАЭК) байланған. Әбден тозығы жеткен комбинатта биыл жазда екі рет апат болып, халық аптап ыстықта абыржып қалды. Азаттыққа сұхбат берген МАЭК-тің бұрынғы қызметкері комбинатты "талан-таражға салған" бұрынғы басшыларды кінәлайды. Азаттық ахуалды білу үшін Ақтауға барды.