Адам құқықтарын қорғау күніне орай Алматыда әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын фотографтар мен суретшілер көрмесі өтті. Олар соңғы жылдары қылқалам шеберлері арасында қоғамдық мәселелерге үн қосатындардың саны артқанын, бірақ сөз бостандығы әлі де шектелетінін айтады.