Қытайда жақындары қамалған немесе Қазақстанға келе алмай қалған адамдардың туыстарының Алматыдағы Қытай консулдығы алдында наразылық пикетіне шығып жүргеніне 19 күн болды. Консулдық өкілдері олармен кездескен жоқ. Қазақстан билігі наразылық акциясы басталғалы бері оған қатысушы екі азаматты 10 және 12 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Нұр-Сұлтан 25 ақпанда Пекинмен Қытайда қалған қазақтар мәселесін онлайн режимде талқылағанын хабарлады.
ПІКІРЛЕР