Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
"Украинадан қолың тарт!"
24 ақпан 2022 жыл, 15:00
Пётр ТРОЦЕНКО
24 ақпанда "Oyan, Qazaqstan" қозғалысы белсенділері Ресейдің Алматыдағы консулдығы алдына жиналып, Мәскеуден Украинаға қарсы бастаған соғысты тоқтатуын талап етті. Жарты сағаттан кейін полиция акцияға қатысушыларды күштеп алып кетті.
1
24 ақпанда Ресей бас консулдығы алдына келген "Oyan, Qazaqstan" қозғалысының төрт белсендісі қарсылық акциясын бастады. Олар "Соғыс құрысын!", "Украина - Ресей емес!", "Украинадан қолың тарт!" деп айқайлады.
Содан бірнеше сағат бұрын Ресей Украина аумағына әскерін кіргізіп, ауқымды әскери шабуыл бастаған. Донбастағы украин күштері бекінісін зеңбіректен, Украинаның көптеген бөлігінде әскери инфрақұрылымдар, аэродромдар мен әуе шабуылынан қорғаныс құралдарын зымыранмен атқылады.
2
Полиция әуелде акцияны сырттай ғана бақылап, оған қатысушыларға тиіскен жоқ. Анда-санда белсенділерге жаяулар жолын жаппай, консулдық қоршауынан алысырақ тұруға кеңес беріп қана тұрды.
3
Наразылық акциясында "Украина жасасын" деген жазуы бар плакат ұстап тұрған қыз.
24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин елдің қарулы күштеріне Украина аумағында "арнайы әскери операция" бастауды бұйырғанын мәлімдеген.
4
Дархан Шәріповтің (Украина туын ұстап тұр) айтуынша, белсенділер пикетке Қазақстанда Украинаны қолдайтын адамдар барын жұрттың бәрі білсін деген мақсатпен шыққан.
5
Акцияға қатысушы адам Украина туын бейнелейтін жалауша ұстап тұр.
6
Мәскеуге талабын айтып ұрандап тұрған белсенділерді Ресей бас консулдығы терезесінен бақылап, әлдекімдер смартфонға түсіріп жүрді.
7
Ресей бас консулдығы алдында өткен пикетке қатысушы қыз "Жойылсын соғыс. Украинадан қолың тарт!" деген жазу ұстап тұр.
Украина билігі Ресей қарулы күштері шабуылынан бейбіт адамдар қаза болғанын хабарлады.
8
Бұл арада Ресей бас консулдығы қақпасы алдына жиналғандардың қатары көбейе берді. Ары-бері өткен адамдардың кейбірі не болып жатқанын білу үшін тоқтап, сұрақ қойса, кейбірі белсенділерге қолдау білдірді. Ал енді біреулер пикетке шыққандарды сөгіп, оларды "террористер" деп атады.
9
Белсенділер қатары барған сайын көбейіп бара жатқанын байқаған полицейлер іс-әрекетке көшті: Ресей бас консулдығы алдына өтіп жатқан акцияға қатысушыларды шетінен ұстап, полиция көлігіне күштеп салып, алып кетті.
10
Полиция қызметкерлері белсендінің қолындағы, украинша "Ні війні" ("Соғыс құрысын!") деген жазуды тартып алып жатыр.
11
Полиция бейбіт қарсылық акциясы өтіп жатқан жерден оншақты адамды ұстап, алып кеткен.
"Украинадан қолың тарт!"
Пікірлерді көріңіз
ПІКІРЛЕР
Back to top
XS
SM
MD
LG
ПІКІРЛЕР