Бекі ауылы суға да зар
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданындағы Бекі ауылы үлкен жолдың бойында тұрса да, ауыз су мен орта мектепке және ұялы байланысқа мұқтаж. Жергілікті билік "мектеп салу пен су тартуға бөлінген қаражат дағдарыстың салдарынан жетпей қалғанын" айтады. Ал ұялы байланыс болмауын тұрғындар "операторлар пайда аз болғандықтан қоспай отыр" деп біледі.