"Науқастарды жерге де жатқыздық". Атырау дәрігерлері індет өршіген тұста вируспен қалай күресті?
Ресми мәлімет бойынша, Атырау облысында коронавирус 10 467 адамнан анықталған. Оның 7 жарым мыңы сауығып шықты. Көз жұмғандар - 29. Аймақта пневмония да қатты өршіді. Өңірде нақты қанша адамның пневмониямен ауырғаны жөнінде дерек жоқ. Ел бойынша жыл басынан тамызға дейін 256 мың адамға пневмония диагнозы қойылған. Облыстық аурухана дәрігерлерінің сөзінше, өткен екі айда ахуал қатты қиын болған және өзге себеппен емделуге келген науқастардан да пневмония анықталған.
ПІКІРЛЕР