Accessibility links

AzattyqLIVE: Қазақстан 2020 жылды қалай өткізді? Қоғам неден ұтып, неден ұтылды?


AzattyqLIVE тікелей эфиріне қатысушылар (солдан оңға қарай): хабарды жүргізуші Қасым Аманжол, журналист Әсем Жәпішева, саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт және сайлау бақылаушысы Ғалымжан Оразымбет. Алматы, 23 желтоқсан 2020 жыл.
AzattyqLIVE тікелей эфиріне қатысушылар (солдан оңға қарай): хабарды жүргізуші Қасым Аманжол, журналист Әсем Жәпішева, саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт және сайлау бақылаушысы Ғалымжан Оразымбет. Алматы, 23 желтоқсан 2020 жыл.

AzattyqLIVE тікелей эфирінде Қазақстанда 2020 жылы болған маңызды оқиғаларды талқылауға журналист Әсем Жәпішева, саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт пен сайлау бақылаушысы Ғалымжан Оразымбет қатысты.

2020 жылы күллі әлемге тараған коронавирус пандемиясынан бастап, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатында күрделі оқиғалар көп болды. Олардың арасында 2019 жылдың соңында Алматының іргесінде болған, 13 адамның өмірін қиған ұшақ апаты, азаматтық қоғам өкілдерін қудалау, белсенді Дулат Ағаділдің тергеу абақтысындағы жұмбақ қазасы, Қордайдағы ұлтаралық жанжал, оңтүстіктегі су тасқыны, коронавирус індеті әкелген қасірет, наразылықтар мен бірнеше саяси заңның қабылдануы, парламент және жергілікті мәслихаттар сайлауын жариялау, биліктің төңірегіндегі адамдардың шетелдегі жылжымайтын мүлкі мен күмәнді қаржысы туралы журналистік зерттеулер, т.б. атауға болады.

Қазақстан қоғамы 2020 жылды қалай өткізді? Елді отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтан соң президенттікке келген Қасым-Жомарт Тоқаев тың өзгеріс жасай алды ма? Халық тұрмысында не өзгерді? Пандемия мен оның салдарына қарсы Ақорданың жүргізген саясаты қаншалықты тиімді болды? Билік қоғам сынынан қорытынды шығарды ма? Президент Тоқаев уәде еткен "еститін үкімет" қоғамның талап-тілегіне құлақ асып отыр ма? Митинг, сайлау, саяси партиялар туралы "жаңартылған" заңдарды жұрт қалай қабылдады? 2021 жылғы 10 қаңтарға жоспарланған парламент сайлауы қалай өтпек? Осы және өзге де сауалдарға Азаттық студиясында сарапшылар жауап беріп, ой-пікірін ортаға салды.

AzattyqLIVE тікелей эфиріне журналист Әсем Жәпішева, саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт және сайлау бақылаушысы Ғалымжан Оразымбет қатысты. Хабарды жүргізген - журналист Қасым Аманжол.

  • 16x9 Image

    Қасым АМАНЖОЛ

    Қасым Аманжол – Азаттық радиосының тв-продюсері. 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, Жүргенов атындағы Өнер академиясының кино және телевидение факультетін аяқтаған. 20 жылдан астам Қазақстанның телевизия саласында істеп келеді. Авторлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің авторы. «Шынның жүзі» сұхбаттар циклын, «Анық Абай» деректі сериалын, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы жайлы фильмдерді, 2014 жылы Шығыс Украинадағы соғыс пен Қырым туралы фильмдер түсірген. 2015 жылдан бері Азаттықта тікелей эфирлер жүргізіп, тележобалар жасайды. Телетоптың жұмысына продюсерлік істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG