Наразылық акциясына шыққан Ринат Алдажаровтың соты
Алматы қалалық ауданаралық мамандандырылған сотының шешімімен қала тұрғыны Ринат Алдажаров үш тәулікке қамалды. Билікке "саяси тұтқындарға бостандық беру" және "азаптауды тоқтату" туралы талап қойған қарсылық акциясы кезінде ұсталған Алдажаров сотта "Қазақстанда адам құқықтары қорғалмайды, сөз бостандығы жоқ" деп мәлімдеді. Судья Зәуре Олжабаева азамат Ринат Алдажаровты "бейбіт жиын, митингі, шеру өткiзу тәртiбiн бұзған" деп танып, әкімшілік жазаға тартты. 10 мамыр 2018 жыл.