Accessibility links

Мақтарал ауданындағы елді мекендерді су алды

2 мамырға қараған түні Өзбекстанның Сырдария облысында жарылған Сардоба су қоймасының суы Түркістан облысы аумағына өтті. Облыста шұғыл штаб құрылып, Мақтарал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Аудандағы бірнеше ауылды су алған. Жергілікті билік бірнеше елді мекеннен 5 мыңнан астам адамды эвакуациялағанын хабарлады. Төтенше жағдай жарияланбай тұрып, кейбір тұрғындар ауылдардан өздері кеткен.

XS
SM
MD
LG