Accessibility links

Қауіпсіздік сертификаты цензура мен аңдудың жаңа тәсілі ме?


Интернет цензура. Карикатура.
Интернет цензура. Карикатура.

Батыс баспасөзі Қазақстан үкіметінің жергілікті интернет қолданушылардың HTTPS трафигін жолдан бақылап отыруға кіріскенін сынап жатыр.

Ұлыбританиялық BBC ақпарат арнасы шілденің 22-сі күні «Қазақстанның жаңа онлайн қауіпсіздігі құралы сын мен таңданыс тудырады» деген мақала жариялады. Белгілі халықаралық ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтанның өткен аптадан бастап HTTPS, яғни ақпараты шифрланған веб-трафикті жаппай қадағалау үшін қолданушыларды байланыс құрылғылары мен браузерлеріне қауіпсіздік сертификатын орнатуға мәжбүрлеу саясатының жеке бас мәліметін қорғаушыларды алаңдатып отырғанын жазады. Қазақстан үкіметі осындай жолмен интернет қолданушылардың киберқауіпсіздігін қорғайтынын мәлімдеген.

ИНТРАНЕТ ҚҰРУДЫҢ БАСЫ МА?

BBC-ге комментарий берген Comparitech компаниясының сарапшысы Пол Бишоф Нұр-Сұлтанның бұл саясатын «қауіпсіздік емес, аңду» және «мемлекет ауқымындағы делдал шабуылы» деп сипаттаған.

«Қазіргі вебсайттардың жартысынан астамы HTTPS қолданатынын ескерсек, мынау (Қазақстанның интернет қолданушыларына арнайы қауіпсіздік сертификатын орнатқызу саясаты – ред.) – ауқымды іс... Осының бәрі бір-ақ айда [жүзеге аспаған күйі] күл-парша болады дер едім» деген Пол Бишоф.

Ұлыбританиялық БАҚ мақаласында Private Internet Access (PIA) атты VPN компаниясының блогері Калеб Ченнің Қазақстан үкіметінің жаңа саясатын «интернет-траффик арқылы өз азаматтарын аңду» деп сипаттағанын мысал етеді. Ал блог авторы, сарапшы Калеб Чен Қазақстан үкіметінің Qaznet Trust Network атты ұйымға жасатқызып, қолданушыларға ұсынып отырған қауіпсіздік сертификатының өзі қауіпсіз емес екеніне назар аударады.

«Qaznet доменін бақылауға қол жеткізген кез-келген хакер қазақстандық интернет қолданушыларының шифрланған-мыс жеке мәліметін көре алады. Мұндай жағдайда парольдар, қолданушы аттары, банк карточкасы туралы ақпарат сияқтының бәрі шифрланбаған күйі жария болады» деп жазады ол. Ченнің болжауынша, Қазақстан бұл саясатын жүзеге асырса, «интернет емес, интранет құрып алған Солтүстік Корея бастаған қысқа тізімге қосылады».

Қарай отырыңыз: "Қауіпсіздік сертификаты қауіпсіз бе?".

"Қауіпсіздік сертификаты": жеке өмірге қол сұғу ма, әлде фильтр ме?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:50 0:00

Америкалық The Hustle ақпарат вебсайты Қазақстанның солтүстіктегі көршісі Ресейдің «рунет» құрып жатқанын ескертеді.

«Интернетке ықпал ету тек бұрынғы совет блогымен шектелмейді. Соңғы бес жылда Африка бойынша 22 ел саяси мақсат үшін интернет жолдарын әдейі бұзды. Ал Қытай кейбір сайттарды жылдар бойы бұғаттау үшін желіаралық сүзгі (firewall) қолданып отыр. Ал мына жағдайда Google, Microsoft және Mozilla сияқты ірі браузер жасаушылар Қазақстанның жаныштау [саясатына] қатысты не қылу керектігін талқылап жатыр» деп жазады вебсайт.

Ал Eurasianet.org ақпарат вебсайты Қазақстан үкіметінің жергілікті интернет қолданушыларға қауіпсіздік сертификатын орнатуды әлі міндеттемегенін, тек Kcell мобильдік байланыс операторының бұл шараны «қажетті» деп сипаттағанын атап өтеді. Жоғары технологиялар туралы жазатын бірнеше шетелдік вебсайт бұл саясат міндетті болмаса да, үкімет ұсынған қауіпсіздік сертификатын орнатпаған көптеген қазақстандық қолданушының интернетке кіре алмай қалғандарын айтып шағымданып жатқанын ескертеді. Ал халықаралық Журналистерді қорғау комитеті жариялаған блог авторы Мадлин Эрп Нұр-Сұлтанның вебтрафикті қадағалау әрекетін «цензура мен аңдудың жаңа бір түрі» деп атаған.

«ШЫНДЫҚШЫЛ» ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАР

Ұлыбританиялық The Guardian газетінің Қазақстандағы «ЗВУК» атты түнгі клубы туралы шілденің 23-інде жариялаған арнайы репортажы «Консервативтік, авторитарлық Алматыдағы шағын ғана техно шара белсенділер мен ЛГБТ қауымдастығы үшін қауіпсіз орын құруды мақсат етеді» деп басталады.

Тілші «соңғы үш жылда қаланың шектеулі түнгі клуб өмірінің («clubbing») елеулі де ерекше құбылысына айналған» «ЗВУКтың» алматылық жастар үшін көңіл көтеру мен шығармашылықты ұштастыру алаңы екенін баяндайды. Автор Қазақстандағы билік транзиті кезінде әділ сайлау өткізуді талап еткен наразы жұрт үшін «Шындықтан қаша алмайсың» деген ұранның қандай мәнге ие екенін сипаттап өтеді.

«ЗВУК – саяси белсенділік элементі бар Алматыдағы жалғыз [саяси көзқарасты] сауық коллективі. Мен барған түні барлық мүшесі «Шындықтан қаша алмайсың» деген жазуы бар футболка киіп жүрді. Бұл топтың бір жақтасы «Еуропада біз сияқты жұрт қаймықпай ойын айтып, үкіметке қарсы тұра алады. Мұнда біз солай қылсақ, түрмеге түсеміз» деді» деп жазады автор.

"Шындықтан қашып құтыла алмайсың" деген жазуы бар плакат ұстаған адамдарды полицияның ұстауы. (Карикатура авторы - Ғалым Смағұл)
"Шындықтан қашып құтыла алмайсың" деген жазуы бар плакат ұстаған адамдарды полицияның ұстауы. (Карикатура авторы - Ғалым Смағұл)

«ЗВУКтың» негізін қалаушы, Таразда туған, Ұлыбританиядағы Сент-Эндрюс университетінде оқыған, 28 жастағы диджей Нәзира Қасенова The Guardian мақаласында шығармашыл әрі ұйымдастырушы жас ретінде көрінеді. Алматы мен Берлинде қатар өнер көрсетіп жүрген Нәзира Еуропаның үздіктері саналатын Амстердамдағы De School және Германия астанасындағы Berghain клубтарында диджейлік қылған. Оның ерекше клуб музыкасын автор «техно мен басстың қосындысы» деп сипаттайды.

«Алматыда жақсы дейтіндей дүние жасап жүрген тағы үш топ бар. Бірақ олардың ешқайсысы музыкалық, саяси немесе әлеуметтік батылдыққа бара алмайды. Бұлай жасау либералдық заңдары мен құндылықтары әуелден бар елдерге тән, мұнда олай емес деп ойлаймын» деген Нәзира Қасенова.

Клуб музыкасының өкілі қазақстандық ЛГБТ өкілдері үшін қауіпсіз мәдени орын табу қиын екенін атап өткен.

Автор жергілікті клуб музыкасына құмартатындар «ЗВУК» арқылы Қазақстанға келген Giant Swan, Via App, Don’t DJ және Zoë Mc Pherson сияқты белгілі шетелдік диджейлердің және продюсерлердің шығармашылығымен танысқандарын жазады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG