Accessibility links

"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына келген адамдарды полиция ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.
"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына келген адамдарды полиция ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.

"Назарбаев кетсін!" деп айғайлағандарды ұстап әкетті

Астанада "Нұр Отан" партиясы съезі басталған күні Қазақстанның түрлі қалаларында азаматтар мен белсенділерді полиция бөлімшелеріне жеткізді. Алматыда полиция билік партиясы кеңсесі алдына талап айтып келген азаматтарды ұстады.

17:59 27.2.2019

27 ақпанда Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы белсенділер Дильнар Инсенова мен Сақып Жаңабаеваға "құқық қорғау қызметкерлеріне бағынбағаны" үшін 5 айлық есептік көрсеткіш (12 жарым мың теңге) көлемінде айыппұл салған. Бұл туралы Азаттыққа Инсенова хабарлады. Полиция екеуін сол күні таңертең Алматыдағы "Нұр Отан" партиясының кеңсесі алдынан өзге адамдармен бірге ұстаған. Инсенова "Нұр Отан" алдындағы наразылыққа қатыспағандарын, оларды сол маңнан өтіп бара жатқанда полиция ұстап әкеткенін айтады. Алматы қалалық полиция департаменті белсенділерге салынған айыппұл жайлы әзірге комментарий бермейтіндерін хабарлады.

"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына келген адамдарды полиция ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.
"Нұр Отан" саяси партиясының кеңсесі алдына келген адамдарды полиция ұстап жатыр. Алматы, 27 ақпан 2019 жыл.

16:49 27.2.2019

27 ақпанда полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында ұстаған Азаттық тілшілері Сәния Тойкен мен Санат Нұрбековты Ақтауға жеткізді. Маңғыстау облыстық полиция департаментінде үш сағаттан артық ұстағаннан кейін Азаттық тілшілерін босатты. Тілшіміз Сәния Тойкен полиция тергеушілерінің журналистерді ұстауды қалай түсіндіргенін және Жаңаөзенде өзі көрген жағдайды баяндайды.

15:35 27.2.2019

27 ақпанда Ақтөбе қаласындағы "Нұр Отан" партиясы кеңсесі маңындағы аллеяға бір топ азамат жиналды деп хабарлады Facebook қолданушы Ақтоты Ердәулет есімді тұрғын. Ол әлеуметтік желіде жариялаған видеода полиция өкілі азаматтардың рұқсатсыз жиналуы заңсыз екенін ескертіп, өз еріктерімен тарқамаса ұсталатындарын айтқаны бейнеленген.

14:48 27.2.2019

Алматыда "Нұр Отан" партиясының алдына жиналғандардың арасында биліктің ауысқанын талап еткендер де болды. Азаттықтың видеосын көре отырыңыз.

Жиналғандар: "Назарбаев кетсін!"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:40 0:00

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG