Алматыдағы "Нұр Отан" партиясы кеңсесінің алдына келген адам өзін Қызылорда облысының тумасы Дариға Ағажановамын деп таныстырды. Ол Астанада бір отбасының бес баласы өртенген үйде мерт болғанын еске салды. Билікке сенбейтінін мәлімдеген әйел "Назарбаев кетсін!" деп айғайлады.
Астанада 4 ақпанға қараған түні өртенген үйде қалған бес баланың қазасынан кейін Қазақстанның бірнеше қаласында аналар биліктен көп балалы отбасыларға әлеуметтік жәрдемді күшейтіп, балаға төленетін жәрдемақыны көбейтуді, баспана мәселесін шешуді, жеңілдіктер белгілеуді талап еткен.
Аналардың билікке талабы. Ақпан, 2019 жыл.
Қазақстанның әр аймағында көп балалы аналар қозғалысы күшейген тұста Қазақстан үкіметі тарады. Жаңа үкіметтің басшылығына осыған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары болған Асқар Мамин тағайындалды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев көп балалы аналарды қолдау шарасын жариялайтынын айтты.
Азаттық сауалнамасы: Жаңа үкіметтен не күтесіз? (26 ақпан 2019 жыл.)
Алматыда билік партиясы кеңсесінің алдына жиналғандардың кейбірі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуін талап етіп айғайлағанна кейін полиция жиынды күштеп таратуға кірісті.
Астанада басталған "Нұр Отан" партиясының съезінде сөйлеген сөзінде президент Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет қызметкерлерінің еңбекақысы көбейтілетінін мәлімдеді. Оның сөзінше, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауылшаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін азаматтардың жалақысы өсірілмек. Билік бұл мақсатқа 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 980 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр.
ПІКІРЛЕР