Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ митингіге келгендерді күштеп әкетті
Нұр-Сұлтанда 1 наурыз күні бір топ адам билікке наразылығын білдіру үшін қалалық әкімдік маңындағы Абай ескерткіші алдына жиналды. Жиналғандардың бірі Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты айыптап, оның биліктен мүлдем кетуін талап етсе, енді бірі 25 ақпанда абақтыда көз жұмған азаматтық белсенді Дулат Ағаділді жоқтап келіп тұрғанын айтты. Қолдарына плакат ұстап шыққан белсенділер ұзақ тұра аламды. Полицияның арнайы жасағы оларды бірден ұстап әкетті. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев «экстремистік ұйым митингіге шақырғандықтан, біз оларды тарқатып жатырмыз» деп түсіндірді.
ПІКІРЛЕР