Хиджаб таққандардың ата-аналары биліктен медресе ашуды сұрады
Ақтөбеде қаңтардың 9-сы күні парламент мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлмен кездесуде жергілікті бір топ тұрғын "орамал дауына" байланысты қыздары сабаққа кіре алмай жүргенін айтып шағымданды. "Мектептің талабы - заңды" деген депутат пен жергілікті басшылардың сөзіне келіспеген олар биліктен балаларына арнайы мектеп-медресе ашуға рұқсат сұрады.