Қазақстан астанасында ашылуына санаулы күндер қалған EXPO 2017 халықаралық көрмесіне дайындық жұмыстары қарбалас жүріп жатыр.
ЭКСПО қарсаңындағы қарбалас

1
"Бәйтерек" монументін қайта жаңғырту жұмыстарын биылғы мамырдың 15-іне дейін аяқтау жоспарланған еді.

2
"Байтерек" жанындағы алаңдағы жұмысшылар.

3
EXPO 2017 көрмесі негізгі ғимаратының төңірегіндегі жерге су шашып отырған адам.

4
EXPO 2017 көрмесінің негізгі ғимараты жанынан велосипед мініп өтіп бара жатқан адам.

5
EXPO 2017 көрмесінің ашылуы қарсаңында Астанадағы Салтанат қақпасын да безендіріп қойған.

6
Астанада суретке түсіп жатқан адамдар.

7
EXPO көрмесіне арнайы шығарылған үш тілдегі сөздікті жергілікті кітап дүкенінде қарап тұрған астаналық тұрғын.

8
EXPO 2017 көрмесіне қатысушылары жұмыс арасындағы үзіліс кезінде.

9
Promenade Expo тұрғын үй кешеніндегі Expo-Market дүкенінен шығып келе жатқан ер адам.

10
Астанадағы Mega SilkWay сауда кешені алдындағы жалға велосипед алуға болатын автоматтандырылған жүйе.

11
Астанада салынып жатқан жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысы басындағы қоршауларға көрме туралы жарнамалар ілінген.

12
EXPO 2017 көрмесінің ашылуына қана күн қалғанын көрсететін электронды таблоның жанынан өтіп бара жатқан еріктілер.

13
Астананың Ботаника бағындағы жаңадан отырғызылған ағаштар.

14
Көрме ғимараттарына жақын жердегі Назарбаев Университетінің жаңадан салынып жатқан жатақханалары.