10 қаңтар, Қазақстандағы мәжіліс пен мәслихат сайлауы күні, Алматыда полиция дауыс беруге қарсы шыққан жұртты күштеп ұстады. Наразылыққа келген жұрт "Сайлауға бойкот", "Назарбаев билігі кетсін" деп ұрандатты. Азаттық тілшілерінің есебінше, Алматыда полиция кем дегенде 31 адамды ұстап әкеткен.
Алаңға Демократиялық партия құру жөніндегі бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамай мен "Oqan, Qazaqstan" қозғалысының жетекшісі Әсем Жәпішева басталған наразылар келді.
Жиналғандардың кейбірі пікірін айтып та үлгермеген. Арнайы жасақ оларды газельге отырғызып алып кеткен. Ұсталғандар арасында плакат көтергендер де болған. Ұсталғандардың нақты қай қозғалыс немесе ұйым атынан келгені белгісіз. Қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов та осы күні Қазақстан қалаларында белгілі бір орындарға жиналып, билікке наразылық білдіруге шақырған.

ПІКІРЛЕР