Қытай қазағы депортациялануы мүмкін
Атырау мұнай және газ университетінде оқитын қытайлық этникалық қазақ Шұғыла Бауыржан виза мәселесіне байланысты Қазақстаннан депортациялануы мүмкін. Атырау облыстық көші-қон полициясы "қабылдаушы тарап тиісті құжаттарды дер кезінде тапсырмаған" дейді. Оқу орны бұл жағдай бойынша жауап беруден бас тартты. Атырау облысы, 28 наурыз 2017 жыл.