Орыстарды Ресейге шақыру және олардың реакциясы
Қазанның соңында Ресей президенті Владимир Путин 2019-2025 жылдарға арналған миграциялық саясаттың жаңа тұжырымдамасын бекітіп, шетелде тұратын орыстарды "Орыс әлемін" нығайтуға шақырды, "көшіп келсе жағдайларын жақсартамыз" деп уәде берді. Бұған қатысты Қазақстанда тұратын орыстар мен сарапшылар пікірін Санат Орын Әлидің мақаласынан оқып біліңіздер.
Инфляция "азайса да", баға өсіп барады
Қазақстанда қазан айындағы инфляция деңгейі қыркүйектегі көрсеткіштен өзгермеген. Ал жылдық көрсеткіш тіпті "азайған". Ресми статистикаға сәйкес бағаның өсуін тежеген негізінен азық-түлік тауарлары екен. Бірақ тұтынушылар, керісінше, бағаның өсіп бара жатқанын айтады.
Теңге және оның ширек ғасырлық жолы
1993 жылы қарашаның 15-інде тәуелсіз Қазақстанның төл валютасы – теңге айналымға енгізілді. 25 жылдық тарихында теңге кемінде төрт девальвацияны өткерді. Биылғы жылдың басынан бері де шамамен 13 пайызға арзандады. Ұлттық банктің мәлімдемесіне сенсек, бұған доллардың күшеюі мен Ресей рублінің арзандауы себеп болған. Теңге бағамын болжап білу мүмкіндігі қандай? Ол қандай факторларға тәуелді? Оның түрлі тербелістерге мықтырақ төтеп беретін қауқары бар ма? Бұл сұрақтарға қатысты сарапшылардың пікірі әркелкі.
Туған елінде қуғындалып, шетелде танылған кәсіподақ басшысы
Соңғы бір жарым жылда қазақстандық кәсіподақ белсендісі Лариса Харькова қылмыстық қудалаудан көз ашпай келеді. Кәсіподақ жетекшісінің еркіндігі шектеліп, дүние-мүлкі тәркіленді. Оның үстінен сотқа арыз түсті, тіпті көлігін де өртеп кетті.
Батыс дипломаттары Қытай билігімен кездесу жолын іздейді
Пекиндегі бір топ батыс дипломаты Шыңжаңдағы жағдайды талқылау үшін Қытай билігімен кездесудің амалдарын іздестіріп жатыр. Шыңжаңдағы мұсылмандардың қуғынға ұшырауына байланысты АҚШ Қытай шенеуніктеріне қарсы заң жобасын әзірлеп жатыр.
Балалардың әскери лагері
Биыл жазда Украинаның Тернополь қаласы маңында балаларды әскери дайындықтан өткізетін лагерь болған. Ұлтшылдар ашқан жазғы лагерьде балаларға мылтық атуды және соғыс тактикаларын үйреткен. Associated Press агенттігінің фототілшісі жазда лагерьге барып, балалардың дайындығымен танысып қайтқан.
ПІКІРЛЕР